Атырау, 3 қаңтар 12:22
 ашықВ Атырау +5
$ 525.11
€ 546.74
₽ 4.88

​QazaqGaz Малдыбай учаскесін игеруді бастады: газдың жаңа көздері ашылды

745 просмотра

Мемлекет басшысының табиғи газдың ресурстық базасын арттыру туралы тапсырмасы аясында өткен қараша айында «QazaqGaz» ҰК» АҚ Жамбыл облысы Малдыбай учаскесінде көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша келісім-шартқа қол қойды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Келісім-шартқа сәйкес, QazaqGaz ұлттық компаниясының еншілесі кәсіпорны - «QazaqGaz Барлау және Өндіру» ЖШС мамандары 2D және 3D сейсмикалық барлау зерттеулерін, бұрын бұрғыланған ұңғымаларды қалпына келтіру және игеру, сондай-ақ жаңа ұңғымаларды бұрғылауды қамтитын барлау жұмыстары жобасын әзірледі.

«2025 жыл Ұлттық компанияда геологиялық барлау және күрделі құрылыс жылы деп жарияланды. Біз геологиялық барлау бағытында жұмысымызды қарқынды жасап жатырмыз, биыл алғашқы нәтижелерге де қол жеткіздік. Малдыбай учаскесіндегі жойылған №4Г ұңғымасын қалпына келтірдік. Соның арқасында төменгі карбонның визе горизонтының өнімділігі анықталды, яғни газдың жаңа көздері ашылды. Әрі қарай сейсмикалық зерттеу жүргізу және екі барлау ұңғымасын бұрғылау жоспарлануда», - деді QazaqGaz ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов. 

Аталған іс-шаралар Малдыбай учаскесін игерудің бастамасы болып саналады. Айта кету керек, келесі жылы жер қыртысын гидравликалық жару әдісімен өндірісті қарқындату жұмыстарын сынақтан өткізе отырып жүргізу жоспарлануда. Бұдан басқа, жойылған тағы бір ұңғыманы қалпына келтіру көзделген. 

Видеода ұңғыманы игеру кезіндегі, өндірістік қажеттілікке орай, факелдің уақытша жандыру процесі көрсетілген.
Бұған дейін QazaqGaz қысқа уақытта Жамбыл облысының Анабай кен орнында №17 ұңғыманы (3690 метр)  бұрғылау бойынша жұмыстаржүргізіліп, ұңғыманың жоғары өнімділігін растайтын көлемді газ көзі табылғанын, сөйтіп тәулігіне 120 мың м3 газ алына бастағанын, бұның жобалық көрсеткіштен екі есе арты екендігін жариялаған еді.

31 желтоқсан 2024, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.