Атырау, 4 қаңтар 03:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 525.11
€ 546.74
₽ 4.88

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлемді Жаңа жылмен құттықтады

786 просмотра
Сурет: БҰҰ/Л.Фелипе

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш жаңа жыл алдында жариялаған бейне үндеуінде айтты, деп хабарлайды Kazinform. 

— 2025 жылы бізді не күтіп тұрғанына ешқандай кепілдік жоқ, бірақ мен өз күшіммен адамзат үшін бейбіт, әділ, тұрақты әрі салауатты болашақ құратындарды қолдауға дайынмын, — деді ол. 

Антониу Гутерриштің айтуынша, 2024 жылы үміттенуге еш себеп қалмады: соғыс «қасірет пен қайғы» әкеліп, адамдардың жаппай қоныс аударуына себепші болды, барлық жерде теңсіздік пен келіспеушілік белең алып, шиеленіс пен сенімсіздікті күшейді.  

— Бүгін мен соңғы онжылдықта өлім-жітімге әкелген аптап ыстықты бастан өткергенімізді ресми түрде хабарлай аламын. Соңғы 10 жыл, соның ішінде 2024 жылдың жазы тарихтағы ең ыстық жыл болды. Бұл бүгін де бізді айналып өтпеген климаттық апат, — деп мәлімдеді БҰҰ басшысы. 

Антониу Гутерриштің сөзінше, адамзатқа қауіп төндіретін жолдан бас тартып, әлемді құтқаруға бір минут та уақыт жоғалтуға болмайды. Оның айтуынша, 2025 жылы энергия жаңартылатын көздерден алынатын болашаққа көшуді қолдау арқылы әлемді қауіпсіз жолға салуы керек.

— Тіпті ең қиын күндердің өзінде біз әлемді өзгертуге үміттенуіміз керек. Мен барлық жастағы белсенділердің прогресті қолдау үшін алға шығып отырғанын көргенде үміт артамын, - деді ол. 

А.Гутерриштің айтуынша, бұл пакт қарусыздану және алдын алу арқылы бейбітшілікті нығайтуға жаңа серпін береді; жаһандық қаржы жүйесін барлық елдерді қолдайтын және барлық елдердің мүдделерін білдіретіндей реформалау; адам құқықтарында, халықаралық құқықта және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бейнеленген құндылықтар мен қағидаттарға әрқашан адал болып қала береді. 

Бәріміз бірге 2025 жыл жаңа бастама болатынындай жасай аламыз, деп қорытындылады БҰҰ Бас хатшысы.

31 желтоқсан 2024, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.