Атырау, 4 қаңтар 02:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 525.11
€ 546.74
₽ 4.88

Зауыттың баяу кокстеу қондырғысы апатты жағдайда тұр ма? АМӨЗ мәлімдемесі

882 просмотра

Атырау мұнай өңдеу зауытында баяу кокстеу қондырғысының күрделі апатты жағдайда тұр деген қаусетке зауыт өкілдері өз мәлімдемесін жасады. 

"Телеграмм-арналарда Атырау мұнай өңдеу зауытындағы баяу кокстеу қондырғысының күрделі апатты жағдайы туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таралуда", делінген хабарламада. 

2024 жылдың қараша айында өткен күрделі жөндеуден кейін баяу кокстеу қондырғысы штатты режимде жұмыс істеп тұр деп хабарлады зауыт мамандары. 

"Қондырғының қуаты – тәулігіне 3 300 тонна дейін шикізатты құрайды. Өнім сапасы аккредиттелген зертханалармен расталған. Қондырғының барлық жұмыс параметрлері – температура, қысым және өнім сапасы – белгіленген нормаларға сәйкес келеді. Зауыт барлық экологиялық және өндірістік стандарттарды сақтауда.

Өкінішке қарай, қоғамда «АМӨЗ» ЖШС қызметіне кір келтіруді көздейтін жекелеген тұлғалардың мүддесімен байланысты болуы мүмкін қауесеттер таралуда. Бұл күштер қоғамдық пікірді манипуляциялау арқылы қажетсіз дүрбелең мен кәсіпорынның тұрақтылығына күмән туғызуда. Біз бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамды тек ресми көздерден алынған ақпаратқа сенуге шақырамыз" - делінген жарияланған мәлімдемеде. 

Атырау мұнай өңдеу зауыты тұрақты, қауіпсіз және диалог үшін ашық жұмыс істеп жатырғаны туралы қосымша айтылды. 

31 желтоқсан 2024, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.