Атырау, 3 қаңтар 12:36
 ашықВ Атырау +1
$ 525.11
€ 546.74
₽ 4.88

​Махамбет ауданында 46 отбасы баспаналы болды​​

Сурет
786 просмотра

Аудан әкімі Қайрат НҰРЛЫБАЕВ тұрмысы төмен отбасыларға жаңа баспананың кілтін табыс етті.

Үкімет бағдарламасына орай осы жылы республикалық бюджеттен және "Самұрық қазына" АҚ демеушілігі арқасында 908 млн теңгеге 46 отбасыға жаңа баспаналар сатып алынды. 

Замануи үлгідегі тұрғын үйлердің  көлемі 100 шаршы метрден кем емес.

Бұл үйлер аудандағы баспанаға мұқтаж жандарға кезектілікпен берілді, дейді аудан әкімшілігі. 

Жаңа баспанаға қол жеткізген отбасылардың қуанышында шек жоқ. Олар жылан жылын жаңа үйде қарсылауда. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

31 желтоқсан 2024, 13:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.