Бұл су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстар.
Жалпы 9 ауылға жаға бекіту жұмыстарының сметасы жасақталған болатын. Аудан әкімі Қайрат НҰРЛЫБАЕВТЫҢ айтуынша Алға, Ақжайық, Жалғансай ауылдарындағы бөгеттерді соғуға аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, ол жұмыстар атқарылған. Қалған ауылдарға облыстық бюджеттен 718 млн теңге бөлінген. Округ әкімдіктері мердігермен келісім шартқа отырып, жұмыстар қызу басталып кеткен.
Техника күшімен бөгет соғу жұмыстары атқарылып жатыр. Мердігерлер наурыз айына дейін бөгет соғу ісін толық аяқтамақшы. Ауылдардағы осы жылы соғылған бөгеттердің бүлінген және осал жерлерін қалпына келтіру жұмыстары қоса жүргізіліп жатыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА