Атырау, 3 қаңтар 02:00
 ашықВ Атырау +2
$ 525.11
€ 546.74
₽ 4.88

«ҚазАвтоЖол» АҚ: Атырау-Астрахань тас жолындағы Бақсай көпірі әлі біткен жоқ

776 просмотра

Әлеуметтік желіде Атырау-Астрахань жолының Исатай ауданы Х. Ерғалиев ауылы тұсындағы көпірдің сапасыз жасалғандығы жөнінде бейнежазба тарады.

Онда көпір үстіндегі тіреуіш ашылып, асфальттар шашылып, көпірдің жанындағы жаяу жүргінші жолының жанында қорған болар жұмыстар жасалмағандығы сынға алынған. 

Осыған орай "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ Атырау облыстық филалы былайша жауап берген болатын:

«GPE-50» (Италияда жасалған) Fip жобалық деформациялық жіктердің ұзақ дайындалуына және ұзақ жөнелтілуіне байланысты мердігер инженермен және тапсырыс берушімен келісе отырып, жайлы және үздіксіз жүру үшін Бақсай көпірі бойымен көлік қозғалысын ашу туралы шешім қабылдады. Құрылыс маусымы басталысымен Бақсай көпіріндегі қалған жұмыстар толықтай аяқталады. Сондай-ақ, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол белгілері орнатылғанын айта кету керек: 1.30 Басқа қауіптер, 1.16 Тегіс емес жол, 3.27 Тоқтауға тыйым салынады, 3.24 Ең жоғары жылдамдықты шектеу 40 км/сағ.».

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

31 желтоқсан 2024, 02:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.