Атырау облысында полиция қызметкерлері бірнеше пәтер ұрлығын жасаған күдіктілерді қолға түсірді. Тергеу барысында 28 жастағы азаматтың серіктесі – 26 жастағы ер адамның автокөлігін пайдаланып, түнгі уақытта ауылдық округтер мен қаланың әртүрлі аудандарындағы үйлерге терезе арқылы кіргені анықталды.
Олар тұрғын үйлерден бағалы бұйымдар мен алтын әшекейлерді ұрлап, кейін олжаларын Ақтөбе қаласына апарып, ломбардтарға өткізіп отырған. Күдіктілердің бір әрекеті барысында олар тұрғын үйдің терезесін сындырып кіріп, жатын бөлмеде тұрған сөмкеден 100 000 теңге және құны 40 000 теңге тұратын смартфонды ұрлаған.
Басқа бір оқиғада алтын алқа мен ақшаны қолды етіп, үй иесіне 172 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Тергеу барысында ұсталған азаматтардың бірі бұған дейін екі рет пәтер ұрлығы үшін сотталғаны белгілі болды.
Қазіргі таңда оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда. Полиция оқиғаға байланысты қосымша деректерді анықтап жатыр.