Жедел жәрдем қызметкерлері жүкті әйелді үйінен босандырып, егіздің өмірін сақтап қалды.
Жедел жәрдем стансасы №9 бригадасының фельдшерлері Эльвира Кәримова мен Қанат Жексенбаев шақырту берілген мекенжайға жеткенде, жүкті әйелдің толғағы басталған.
– Бұл менің тәжірибемдегі алғашқы босандыруым емес. Бірнеше жүкті ананы үйінде, тіпті жүріп келе жатқан жедел жәрдем көлігінің ішінде де босандырып жүрдім. Алайда егіздердерді үйден босандырып алу менің фельдшер болып жүрген 11 жыл ішінде алғаш кездестіруім. Жүкті ана егіз қызды аман-есен босанды. Біріншісінің кіндігін өзім кестім, біріншісін босанған кезде екіншісі де өмірге келді. Екінші қыздың кіндігін әріптесім кесті. Сөйтіп кіндік әкесі мен анасы болып шықтық, - дейді Э. Каримова.
Фельдшерлер ананы босандырған соң облыстық перениталдық орталыққа жеткізген. Бұл отбасының алтыншы балалары.
Айта кетейік, жыл басынан бері атыраулық фельдшерлер 49 жүкті ананы үйінде босандырған.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ