Атырау, 2 қаңтар 20:41
 ашықВ Атырау +2
$ 525.11
€ 546.74
₽ 4.88

QazaqGaz және ҚазАзот геологиялық барлау саласында келісімге қол қойды

791 просмотра

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының геологиялық барлау және перспективалық жобалар бойынша орынбасары Ұлан Бүркітов және «ҚазАзот» АҚ бас директоры Арман Мәулешов Ақтөбе облысында орналасқан перспективалы Северный-2 учаскесін бірлесіп игеру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды «QazaqGaz» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. 

Северный-2 учаскесі Үстірт-Бозашы шөгінді бассейнінің газды аумағында орналасқан. Тиісінше, өңірде газ және газ конденсатты кен орындарын ашудың үлкен перспективасы бар.

Аталған серіктестік Мемлекет басшысының тапсырмасы мен «QazaqGaz» ҰК» АҚ еліміздің газ ресурсын арттыруға қатысты стратегиясы аясында жүзеге асырылуда.

30 желтоқсан 2024, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.