«Баку—Грозный» бағытына үйлестіруші болған диспетчер Али Идрисов апатты жағдайда «кілем» операциясын жасап Azal ұшағының қонбақ болғанын апаттан 5 минут бұрын ғана білгенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұрын кәсіби футболшы болған Идрисов Грозныйдың «Терек» (қазіргі «Ахмат») клубында ойнаған. Ол бірнеше жыл бұрын диспетчерлік қызметке ауысқан.
ВЧК-ОГПУ деректеріне қарасақ, «Баку-Грозный» бағытымен ұшқан AZAL әуе компаниясының ұшағы алдымен радиоэлектронды күрес құралдарының (РЭБ) кесірінен бағытты көрмей қалған. Кейін Шешенстанның үстінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі ұшақты атқылаған. Қону процесін үйлестірген диспетчер Әли Идрисов экипаж ұшақтың атып түсірілгенін хабарлағаннан бес минут өткен соң ғана «кілем» жоспарының іске қосылғанын білгенін айтты.
Кеше кешкісін Тергеу комитетінің қызметкерлері Әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік корпорацияның жергілікті филиалының қызметкерлерін, оның ішінде куәгер мәртебесіне ие Идрисовты тергеді. Қазіргі уақытта тергеушілер трагедияның егжей-тегжейін анықтап жатыр.