Атырау, 2 қаңтар 20:18
 ашықВ Атырау +2
$ 525.11
€ 546.74
₽ 4.88

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. мен «ҚазТрансОйл» құбыр пайдалану бойынша жаңа келісімшартқа қол қойды

799 просмотра
Көрнекі сурет

«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» консорциумы «ҚазТрансОйл» АҚ-мен «Қарашығанақ – Атырау» көлік жүйесін пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуге жаңа келісімшарт жасады, деп хабарлайды "Нефть и газ Казахстана" Telegram арнасы.

Орта мерзімді келісімшарт 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

«Құжат ағымдағы экономикалық жағдайларды ескереді және мұнай тасымалдау сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған», - делінген «ҚазТрансОйл» хабарламасында.

Қарашығанақ өңдеу кешенінен (ҚӨК) "Үлкен Шаған" МАС және одан әрі Атыраудағы терминалға дейінгі 460 шақырымдық құбыр 2003 жылдан бері қолданылып келеді. Атырауда ол Каспий құбыр консорциумы жүйесіне қосылады. Бұл жүйе арқылы консорциум өндірген мұнай мен конденсат Новороссийскіге тасымалданады, ол танкерлерге тиеп, экспортқа жіберіледі.

«Қарашығанақ – Атырау» құбырының өткізу қабілеті жылына - 7 млн тонна сұйық көмірсутек.

30 желтоқсан 2024, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.