Атырау, 8 қазан 13:14
 дождьВ Атырау +16.4
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

БАӘ-де ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

863 рет қаралды
Сурет: Детали

Біріккен Араб Әмірліктерінің Азаматтық авиациясының басқармасы Рас әл-Хайма әмірлігінің жағалауында жеңіл ұшақтың құлауы салдарынан екі адамның қаза тапқанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

WAM ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әл-Жазира авиациялық-спорттық клубына тиесілі жеңіл ұшақ Рас әл-Хайма әмірлігінің жағалауында суға құлаған.

Басылымның мәліметінше, оқиға салдарынан ұшақтың ұшқышы мен жолаушысы қаза тапқан. Билік ұшақ апатының себебін анықтау үшін тергеуді жалғастыруда.

30 желтоқсан 2024, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.