28 желтоқсан күні сағат 19:20 шамасында Атырау-Астрахань тас жолының 814-ші шақырымында Әзірбайжанда тіркелген жүк көлігі жолда қараусыз жүрген тоғыз түйені қағып, жол-көлік оқиғасын жасады, деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаменті.
Медициналық сараптама нәтижесінде жүк көлігі жүргізушісінің сау екені анықталды. Зардап шеккен адамдар жоқ. Қазір бұл іс бойынша қажетті құжаттар жинақталуда.