Құрманғазы ауданында ауыл мектебінің мұғалімі оқушыларға қатысты этиканы бұзғаны үшін тексерілуде.
Ғаламторда мұғалім мен оқушылар арасындағы жанжал көрінетін видеоның пайда болуына байланысты мынаны хабарлаймыз:
«2024 жылдың 4 қарашасында С.Т. Жұпарғалиев Қадыр Мырза Әлі атындағы орта мектептің директоры болып тағайындалды. Оның білім саласындағы жалпы өтілі 35 жыл.
Тағайындалған кезде ата-анадан да, мектеп ұжымынан да шағымдар түскен жоқ. Ол конкурстан барлық талаптар мен критерийлерге сай, жалпы негізде өтті.
Білім басқармасы бұл оқиғаға байланысты қызметтік тексеру бастады. Оның қорытындысы бойынша заң аясында шаралар алынады».