Атырау, 1 қаңтар 13:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 525.11
€ 546.74
₽ 4.88

Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 181 адамнан 2 адам ғана тірі қалған

379 просмотра

Таиландтан Оңтүстік Кореяға ұшқан ұшақ бортында 175 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, апат салдарынан екі адам ғана құтқарылды; 177 адамның өлімі ресми түрде расталды, деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы BBC News Русская служба агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяның Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Jeju Air ұшағы Бангкоктан ұшып шыққан. Елдің оңтүстік-батысындағы Сеулден 288 шақырым жерде орналасқан Муан әуежайына қону кезінде ол ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған.

Корей телеарнасы соқтығысудан кейін ұшақтың бірден тұтанғаны көрінетін кадрларды жариялады. Жалынға оранған ұшақ екіге бөлініп кеткен.

Өрт сөндірушілер оқиғадан кейін бірден құтқару жұмыстарын бастады. Алдымен 28 адам қаза тапты деп хабарланғанымен, бірнеше сағаттан кейін расталған құрбандар саны 62 адамға жетті, кейін ұлттық өрт сөндіру қызметі жолаушылар мен экипаж мүшелерінің барлығы дерлік қаза тапқанын хабарлады. Ал ресми мәлімет бойынша 120 адам қаза тапқан.

BBC аман қалған екі адам - жолаушы мен экипаж мүшелерінің бірі екенін айтады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, екеуі де ұшақтың артқы жағында болған. Әзірге олардың жағдайы туралы ақпарат жоқ, қазір екеуі де ауруханада.

Жолаушылардың көпшілігі, яғни 173 адам Оңтүстік Корея азаматтары, тағы екеуі Тайланд азаматтары.

Оқиғаның себебі әлі белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ құстармен соқтығысқандықтан басқару тетігі бұзылған болуы мүмкін. Yonhap агенттігінің хабарлауынша, шассиді басқару жүйесі осы себепті істен шыққан. Ел билігі алға тартқан екінші нұсқа – ауа райы жағдайы.

Оңтүстік Корея билігі өкілінің айтуынша, қонар алдында әуе қозғалысын басқару органдары экипажға құстармен соқтығысуы мүмкін екенін ескерткен. Осыған байланысты қонуды кейінге қалдыруға тура келіпті.

Шамамен екі минуттан кейін ұшқыш апат сигналын беріп, оған қарсы бағытта қонуға рұқсат берген.

Бейнежазбаға қарағанда, ұшақ шассиін шығармай, ұшып-қону жолағына "қарнымен" жер сызып, сырғанап барып, қабырғаға соғылып, жарылған.

Оңтүстік Кореяның көлік департаментінің мәліметі бойынша, әуе кемесінің командирі бұл қызметті 2019 жылдан бері атқарған және 9 800 сағаттан астам ұшу тәжірибесі бар болған.

2006 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Jeju Air әуе компаниясының бүкіл тарихында бұл адам шығынына әкелген алғашқы оқиға. 2007 жылы компанияның ұшағы Кимхэ (Пусан) әуежайында ұшу-қону жолағынан шығып кеткен еді. Сол кезде алты жолаушы жеңіл жарақат алған болатын.

29 желтоқсан 2024, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.