Атырау, 29 желтоқсан 10:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Атырауда мұғалімдер бейнекамералар арқылы бағаланбақ

Сурет
272 просмотра

Атырау қаласында білім беру сапасын арттыруға бағытталған «Nazar» жобасының ресми ашылу салтанатына облыс әкімі Серік Шәпкенов пен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Nazar» – «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп әзірленген білім беру сапасын жақсартуға бағытталған пилоттық жоба. Жоба аясында қаладағы 64 мектепке 2 426 бейнебақылау камерасы орнатылды. Жоба мұғалімдердің сабақ беру сапасын әділ бағалау және оларға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында жасалды.

Білім беру процесіне мониторинг жүргізуді облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинеті жүзеге асырады. Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, камералар арқылы негізгі критерийлер тіркеледі. Бағалау сабақтың мақсаты, оқыту әдістері, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара әрекеттестік, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану, сабақ құрылымы және уақытты тиімді пайдалану аспектісі арқылы жүзеге асырылады.

Әдістемелік орталықтың қызметкерлері сабақтарды нақты уақыт режимінде қадағалап, талдау мүмкіндігіне ие. Мұғалімдерге кері байланыс пен әдістемелік қолдау «kundelik.kz» платформасы арқылы беріледі.

Бұрын әдіскерлер жылына шамамен 1 500 сабақты бағалады, себебі әр кабинетке барып-қайту көп уақытты алды. «Nazar» жобасының іске қосылуымен бұл процесс тиімдірек болмақ. Яғни мамандар бір компьютермен барлық сабақты қашықтықтан талдай алады. Бұл жылына 5 100 сабаққа дейін бағалауға мүмкіндік беріп, мұғалімдердің жұмысын жан-жақты талдау мен қолдауға жағдай жасайды.

Жаңа жүйе әдіскерлердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді, кабинеттерді физикалық тұрғыда араламайды және жалпы білім беру мен оқыту сапасының артуына ықпал етеді.

«Nazar» жобасын алдағы уақытта қала мектептерінен бөлек, аудандық білім орадаларында іске асыру жоспарланған, бұл облыс оқушыларының білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Кеше, 19:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.