Атырау, 28 желтоқсан 10:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Жылыой даласын «кока-кола» көлшігі көп жылдан бері ластап келеді

Бейнежазба
285 просмотра
Видеодан скриншот

Жылыой ауданындағы Құлсары қаласы мен Жаңа Қаратон кентінен шыққан кәріз суы даланы бүлдіріп жатыр. 

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ

Құлсарыда 64995, ал Жаңа Қаратон кентінде 7022 халық тұрады.

Құлсарыдан кәріз жүйесін тазартатын имарат салу ісі бұрыннан да айтылып келе жатқанымен жоба сәтсіздікке ұшырап, бірде-біреуі іске асқан емес. 2011 жылы экс-әкім Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ кезінде кәріз суын тазалайтын станция құрылысы басталып, аяқталмай қалды. Бұл ғимарат құрылысына бюджеттен 980 млн теңге жұмсалып, 30 пайыз жұмысы атқарылып тұрған еді.

Одан кейін келген кәсіпкер "Жылыойсу" МКК сенімгерлік басқаруға алғанда бағдарламасында өз күштерімен кәріз жүйесі құрылысын іске асырамын деген уәдемен алған болатын. Айналғанда кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс көтеріліп, қарасын жоғалтып тынды. Ал Жаңа Қаратонда да он жылдан астам бұрын басталған имарат құрылысы да аяқсыз қалды.

Бүгінде "кола" деп аталып кеткен далалықта нәжіс суы кетіп жатыр. Газдалған сусынға ұқсайтын көл болған аумақ қоршалмаған, мал да өліп жатыр. 

2022-2023 жылы облыстық экология департаменті  "Жылыойсу" МКК-на екі рет айыппұл салды. Жылыой ауданы әкімшілігі баспасөз қызметінің берген мәліметінде кәріз суын далаға төккені үшін "Жылыойсу" МКК-на 2022 жылы салынған айыппұл төленгенімен, 2023 жылғы айыппұлы өтелмеген.

Құлсары қаласына 10 мың текше метр кәріз тазалау станциясына жобалау-сметалық құжаттама жасақтау демеушілікпен жүзеге асуда. Мердігер "Bl group" ЖШС жобалау жұмыстарын жүргізуде екен. Ал кәріз жүйесі станциясын салу әзірге іске аспайтыны мәлім болуда. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Ашық дереккөзден алынған бейнежазба

Кеше, 18:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.