Атырау, 28 желтоқсан 13:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Атырауда құны он миллиард теңгелік бір шақырым жол пайдалануға беріледі

362 просмотра

Дәлірек айтсақ, Нұрсая ықшамауданындағы Сұлтан Бейбарыс пен Әбілқайырхан даңғылдарын жалғайтын 1,1 шақырым жол. Бұл учаскенің құрылысына 10 миллиард 152 миллион 79 мың теңге бөлінген.

Қалалық әкімдік мәлімдегендей жол алдағы аптада пайдалануға беріледі. Қазіргі кезде жол жиегіне өрнектастар төселуде. 

Жол құрылысын жүргізген мердігер - «КазСервисГрупп» ЖШС мекемесі. 

Айта кетейік, қалалық әкімдік қаржының басым бөлігі жол бойындағы бетон бағандармен жүріп жатқан 110 киловаттық жоғары кернеулі ток желісін жер астымен жүргізу жұмыстарына жұмсалатынын түсіндірген болатын. 

- Жол төселетін аумақ бұрын қаланың сыртында болғандықтан сол кезде Атырау облысының аудандарын электр энергиясымен қамту үшін жүргізілген жоғары кернеулі  110 киловаттық ток желісі жұмыс істеп тұр. Қаланың бас жоспарына сәйкес сол аумақта әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне байланысты бетон бағандармен жүріп жатқан 110 киловаттық жоғары кернеулі ток желісін жер астымен жүргізу туралы шешім шығарылып, жоба мемлекеттік сараптамдан өтті. Жолға бөлінген қаржының басым бөлігі, яғни 7 млрд теңгеден астам қаражат ток желісін жерастымен жүргізуге жұмсалады. Бұл электр желісінің ұзындығы 24 шақырымды құрайды. 

Қалған қаржы 1 шақырым 100 метрдей жолға жұмсалады. Оның ішінде жаяу жүргіншілер жолы, велосипед жолағын салу, заманауи жылы аялдамалар, Бином мектебі қасынан автотұрақ салу, көше жарығы, жол жиегіне арықтар салу кіреді, - деп жауап берген еді жолдар бөлімінің маманы Қуанышбек Қабдығали.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Кеше, 20:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.