Атырау, 28 желтоқсан 06:24
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

​ДДҰ басшысы Израиль шабуылы кезінде Йемен әуежайында болған

250 просмотра

ДДҰ басшысы, Жүрсін Ерманның құдасы Тедрос Гебреисус пен БҰҰ-ның бірнеше қызметкері Йеменнің халықаралық әуежайына келгенде Израильдің әуе соққысына тап болған. Жарылыстан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.

ДДҰ басшысы Тедрос Гебреисус айтуынша, ұшаққа отырмақ болған кезде, қарулы шабуыл басталған.

Хуситтердің басқаруындағы Saba ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, әуежайда 3 адам көз жұмып, 30 адам жараланған, сонымен қатар Ходейданың батысында 3 адам қаза тауып, 10 адам зардап шеккен.

Тедрос Гебреисус Х платформасында Йеменге БҰҰ-ның ұсталған қызметкерлерін босату үшін келіссөз жасауға барғанын жазды, бірақ нақты кімдер тұтқында отырғанын айтпаған.

Хуситтер Газа секторындағы соғыс басталған уақыттан бері Израильге шабуыл жасап келеді. Өткен аптада хуситтердің зымыран соққысынан Израильде 10-нан астам адам жарақат алған. Оларға жауап ретінде Израиль Йеменге мезгіл-мезгіл шабуыл жасап отырады.

Айта кетсек, саяси және діни топ хуситтерді Иран қолдайды. Олар Батыс Йеменнің көп бөлігін, оның ішінде ел астанасы Сана қаласын бақылауына алған.

Кеше, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.