Атырау, 28 желтоқсан 05:03
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Асхат Хасенов Атырау мұнай өңдеу зауыты мен KPI жұмысына қатысты өндірістік жиналыс өткізді

241 просмотра

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапары барысында Атырау мұнай өңдеу зауытының («АМӨЗ» ЖШС) және «KPI» ЖШС жұмысына қатысты өндірістік жиындар өткізді. Бұдан бұрын берілген тапсырмаларды орындауға, кәсіпорындар жұмысының 2024 жылдың қорытындысына және алдағы жоспарларына басты назар аударылды.

А.Хасенов зауыт 2024 жылдың өндірістік бағдарламаны орындағанын және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бірқатар жобаны табысты іске асырғанын атап өтті. Сондай-ақ Атырау МӨЗ-нің ескірген жабдықтарын жаңғырту мәселелері қаралды.

«KPI» ЖШС-де өткен жиналыс кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және оның даму перспективаларына арналды. 2024 жылы газ-химия кешені алау етіп жағу шығынын азайту, шикізат пен энергия ресурстарын тұтыну нормаларын оңтайландыру, полипропиленнің мақсатты маркаларын шығару үлесін арттыру жөніндегі міндеттерін орындады.

Сонымен қатар тұрақты шығын көлемін азайту, кәсіпорынның өндірістік тиімділігі мен энергия сенімділігін арттыру шаралары талқыланды.

KPI алғашқы газ-химия кешенінің жұмысы Қазақстан Республикасында полипропилен импортын 2022 жылғы 63%-дан 2024 жылы 17%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік бергені атап айтылды. Кәсіпорынның нарықтағы үлесі 50%-дан асты, бұл оның өнімі бағасының бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді. Сонымен қатар «Форсаж» бағдарламасы қазақстандық полимер өңдейтін компаниялардың дамуына қолдау көрсетеді. Биыл KPI еліміздің оңтүстік және солтүстік өңірлердің клиенттеріне ыңғайлы болу үшін Алматы мен Астанада полипропилен қоймаларын ашты.

Нәтижесінде жергілікті 80-нен астам жергілікті өңдеуші компаниялардың 70-і KPI гомополимерін тұтынады. Газ-химия кешені Қазақстан нарығын қамтамасыз етіп, Қытайға, Ресейге, Түркияға және басқа елдерге өнім жеткізу көлемін ұлғайтуда.

Кеше, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.