
Қытай билігі бала тууға ынталандыратын кампанияның жұмысын іске қосты. Ынталандыру шаралары жергілікті және ұлттық деңгейде де ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Жергілікті билік тұрмыстағы қыз-келіншектерге хабарласып, олардың бала тууға қатысты жоспарын біледі. Кейбір келіншектерді денсаулығын тексерту үшін әйелдерге арналған консультацияға шақырады. Ал бір немесе одан да көп баласы бар отбасыларға тағы да бала туу үшін арнайы жәрдемақы беріледі.
Елдегі жоғарғы оқу орындары жұбын таба алмай жүрген студенттерге арнайы “неке және махаббат” курстарын енгізуге міндеттелді.
Желтоқсан айының басында The Wall Street Journal “Қытай 2035 жылға қарай демографиялық дағдарысқа ұшырауы мүмкін” деп жазды. Сондай-ақ мамандар Фушунь қаласында жастардың азайып, егде жастағы тұрғындардың үлес салмағының артып келе жатқанын атап өтті.
В Атырау +4