Атырау, 27 желтоқсан 09:30
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Атырау экологиялық апатқа ұшырай ма, жоқ па? ДДҰ 2025 жылдың наурызында шешімін айтады

240 просмотра

Ал әзірге Атырау облысында экологиялық ахуал мен оның халық денсаулығына тигізетін әсерін зерттейтін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, комиссия бастапқы кезеңде кейбір аумақтар экологиялық апат аймағы деп танылған Қызылорда облысының тәжірибесін зерделеген. «Алайда, Атырау облысындағы жағдайдың өзіндік ерекшеліктері бар, - дейді «Ақ Жайық» сауалына берген жауабында Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек ЖЕҢІСБЕКҰЛЫ.Бұл ерекшеліктер өнеркәсіптің әсерімен және Арал теңізінің құрғауынан туындаған Қызылорда облысындағы экологиялық дағдарыстың салдарымен салыстыруға келмейтін басқа да факторлармен байланысты.

Өз кезегінде, Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, ЭК-ке сәйкес, ШРШ - шекті рұқсат етілген шығарындылар бойынша техникалық есеп әзірледі. Бұл құжат кәсіпорындар үшін экологиялық нормативтерді белгілейді және қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарылуын реттейді. Сондай-ақ «Орталықтандырылған қоршаған ортаны бақылау жоспарын» әзірледі».

Белгілі болғандай, соңғы құжатта қоршаған ортаны бақылау мен қорғаудың іс-шаралары мен процедуралары айқындалған. Қазіргі уақытта 2025-2027 жылдарға арналған табиғат қорғау іс-шаралар жоспары қабылданды. Онда «Атырау облысы бойынша қоршаған ортаның жай-күйін және тұрғындардың денсаулығын кешенді бағалау. Қоршаған ортаның жай-күйін бағалау, халық денсаулығына антропогендік факторлардың әсерін бағалау шеңберінде зерттеулер жүргізу» деген атаудағы жоба қарастырылған.

Сонымен қатар, Комиссия Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ) келісімге келгені де белгілі болды.

«Бұл ынтымақтастық өңіріміздегі экологиялық мәселелерді шешу жолындағы маңызды қадамға айналмақ. Жақында ДДҰ өкілдерімен кездесу өтті, онда өзара іс-қимылдың негізгі аспектілері талқыланды», - деп түйіндеді өз жауабын Н.Жеңісбекұлы.

Бұл нені білдіреді? 2025 жылдың наурыз айында аймаққа ДДҰ сарапшы тобы келіп, экологиялық ахуал мен оның халық денсаулығына әсерін сараптайды. Сарапшылар дайындалған құжаттар негізінде тұрғындардың денсаулығына қоршаған орта факторларының негізгі әсер ету тетіктерін зерттейді. Өз кезегінде ДДҰ ұсынған ғылыми негізделген деректер алдағы шешімдерді әзірлеуге арқау болады. Сөйтіп біздің өңірдің немесе оның жекелеген аумақтарының шынымен экологиялық апатқа ұшырай ма, жоқ па, айтып беретін болады.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Кеше, 19:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.