Атырау, 27 желтоқсан 07:50
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Жылыой аудандық ауруханасында кардиоорталық және травматология бөлімшесі ашылды

Бейнежазба
222 просмотра
Видеодан скриншот

Атырау қаласынан басқа стенттеу, коронография сияқты кардиология саласындағы күрделі операциялар мен диагностика Құлсарыда да қолжетімді болады.

Бұл бөлімшелер медициналық көмек көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады, жүрек-қан тамырлары ауруларына диагностика жасап, ем-домның сапалы әрі уақытылы көрсетілуін қамтамасыз етеді.

Ашылу салтанатына Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысты.

Кардиоорталық 18 желтоқсанда жұмысын бастады. Күні бүгінге дейін 34 ота жасалды, оның ішінде 15 науқасқа стенд (стентеу) орнатылды, 19 азамат коронография жасалды. Орталықта бір профессор, бір интервенциялық кардиолог, кардиологиялық реаниматолог және төрт орта буын қызметкері жұмыс істейді. Жаңа орталық заманауи құрылғылармен жабдықталған, оның ішінде SIEMENS құрылғысы, дефибриллятор, кардиологиялық монитор және жасанды тыныс алу аппараты бар.

Жыл басынан бері аурухананың травматология бөлімшесіне 434 науқас қабылданып, оның 284-іне ота жасалған. Бұл орталықтың Құлсары қаласында ашылуы аудандағы медициналық қызмет көрсету деңгейін айтарлықтай жақсартады.

«Бұл аудандық ауруханада еңбек ететін дәрігерлердің еңбегі. Білікті мамандар мыңдаған адамның дертінен айығуына көмектесетініне сенімдімін. Жаңа орталық азаматтарымыздың игілігіне қызмет етсін», - деді облыс әкімінің орынбасары Жаұслан Бисембиев.


Кеше, 18:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.