Атырау, 27 желтоқсан 07:32
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

ҚМГ басшысы «Рожков» кен орнын дамыту мәселесіне қатысты жиын өткізді

236 просмотра

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-нің (УОГ – «Рожков» газ конденсатты кен орнының операторы) қызметіне арналған отырыс өткізді.

Жиын Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

Кәсіпорынның бас директоры Аман Имандосов биылғы 11 айда компания жұмысының негізгі көрсеткіштері туралы айтты.

Биыл УОГ «Рожков» кен орнын игеру жобасының бірінші кезеңін іске қосты. Жыл басынан бері конденсат өндіру көлемі – 215 мың тоннаны, ал газ өндіру – шамамен 290 млн текше метрді құрады.

Барлық ұңғыманы іске қосу тәулігіне 1,5 млн текше метр газ өндіру деңгейіне шығуға мүмкіндік береді, бұл жыл сайын 500 млн текше метрден астамды құрайды. Компания өндірілген газдан айына 6 мың тоннадан аса сұйытылған көмірсутек газын шығарып, оны Батыс Қазақстан облысының қажетіне және ішінара Атырау облысына жөнелтеді. Осылайша, УОГ еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосып отыр.

Жиын қорытындысы бойынша А. Хасенов «Рожков» кен орнын игеру бойынша едәуір жұмыс атқарылғанын атап өтті. Сондай-ақ ҚМГ басшысы 2025 жылы газ өндіру жоспарын орындау үшін және жобаның екінші кезеңін одан әрі іске асыруға қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Анықтама:

«Рожков» газ конденсатты кен орны 2023 жылдың 21 желтоқсанда өнеркәсіптік пайдалануға берілген. Кен орнының операторы – «Урал Ойл энд Газ» ЖШС. «Орал Ойл энд Газ» ЖШС-нің үлескерлері – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (50%), Мажарстанның MOL Caspian Oil and Gas Plc. (27,5%) және Қытайдың Sinopec компаниясының еншілес ұйымы — First International Oil корпорациясы (22,5%).

Кеше, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.