Естеріңізге сала кетейік, Исатай мен Махамбет алаңындағы қаланың бас шыршасын мерекелік жағу бүгін, 26 желтоқсан сағат 20:00-ге жоспарланған болатын.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мерекелік шоу техникалық себептерге байланысты басқа күнге шегерілді. Жалпы, салтанатты шараның кейінге шегерілуі Ақтауда болған ұшақ апатына байланысты екені түсінікті. Айтпақшы, дәл осы себепті Ақтаудың өзінде, сондай-ақ шыршалары әлі жағылмаған Жезқазған мен Сәтпаев қалаларында да шырша жағылмайды.
Салтанатты шараның күні мен уақыты қосымша хабарланады.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА