Қытайда шыңға күн электр станциясы салынды. Бұл әлемдегі ең биікте орналасқан алғашқы станция болып отыр. Ол теңіз деңгейінен 5240 метр биікте тұр, деп хабарлайды 24.kz.
Құрылысшылар тау басына 200 мыңнан астам панель шығарып бекіткен. Аумағы 177 футбол алаңындай болатын станцияның қуаты 52 мың халқы бар ауылды жыл бойы тұрақты жарықпен қамтамасыз ете алады. Жоба Тибет автономдық окургінде іске қосылды.
Ван Чжаньпин, күн электр стансасының жоба жетекшісі:
- Ең қиыны – температура өте суық. Тау басында оттегінің аз болуы да жұмысқа үлкен кедергі жасады. Дегенмен алғашқы кезеңін бітірдік. Жылына 158 миллион киловат сағат энергия өндіріледі. Бұл бір жылда 47 мың тоннадан астам көмір үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ көмірқышқыл газының ауаға таралуын болдырмайды. Бұл үлкен биіктікте жүзеге асқан бірінші жоба.