Атырау, 23 наурыз 23:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Japan Airlines әуе компаниясына кибершабуыл жасалғанын хабарлады

842 рет қаралды

Japan Airlines әуе компаниясы ұшу жұмыстарына әсер етуі мүмкін кибершабуылға ұшырады, деп хабарлайды Kazinform ВВС-ге сілтеме жасап. 

- Біз кибершабуылға ұшырағанымызды және қазір жағдайды зерттеп жатқанымызды растай аламыз. Рейстердің кешігуі және тоқтатылуы мүмкін, - деп мәлімдеді JAL өкілі AFP-ға.

Оның айтуынша, тасымалдаушы әзірге толығырақ ақпаратты ұсына алмайды.

Kyodo мәліметінше, бұзылу қазірдің өзінде тоғыз ішкі және бірнеше халықаралық рейстің кешігуіне әкелді. JAL сондай-ақ билеттер сатылымын уақытша тоқтатуды жоспарлап отыр.

Japan Airlines — Жапонияда үлкендігі бойынша All Nippon Airways-тен (ANA) кейін екінші орында тұрған әуе компаниясы.

26 желтоқсан 2024, 13:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.