Мақат кентіндегі вокзалдың перроның күрделі жөндеу жұмысы аяқталып, пайдалануға берілді,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жалпы жөндеу жұмысы 2022 жылдың күзінде қолға алынған еді. Кейін жобаға түзетулер енгізіліп, құрылыс жұмысы өткен жылдың қарашасында басталды. 1-2 перрон қайта жасақталып, жалпы аумағы 6000 шаршы метр болатын төсемтас төселді. 1-перронға 200 метр шатыр орнатылып, кәсіпкерлерге арналған 30 дүңгіршек қойылды. 40 жарық бағанасы орнатылып, жолаушылар мен теміржол қызметкерлері үшін барлық жағдай жасалған.
Айта кетейік, перрон аумағында салынған әкімшілік ғимаратта желілік полиция бөлімі, әжетхана, қойма мен шағын асхана бар.