Атырау, 27 желтоқсан 00:08
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

​Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды

214 просмотра

Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі. 

Атырау облысы Жылыой аудандық сотының соты «№2 ересектерге арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ директоры Г. Жалекенова мен бухгалтер А. Шмидоваға қатысты үкім шығарды.

Олар мекемеде нақты еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны заңсыз аудару арқылы 73 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Шмидова 7 жылға бас бостандығынан айырылды, Жалекенова залалдың толық өтелуін және жас баланың болуын ескере отырып - 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды.

Сонымен қатар, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Алдын алу шаралары аясында сот процесі ашық режимде өткізілді. Процеске онлайн режимінде білім беру мекемелерінің басшылары мен бухгалтерлері қосылды.

Кеше, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.