Атырау, 27 желтоқсан 00:20
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Газа секторында журналистердің көлігіне бомба түсті

144 просмотра
Сурет: Khamis Said/Reuters

Газа секторында журналистердің көлігіне Израильдің бомбасы түсіп, 5 тілші қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Газада орналасқан «Палестинаның исламдық жихад» қозғалысына қатысы бар «Al-Quds Today Television» журналистерінің көлігі аурухананың жанында тұрған. Соққы жасалған кезде бес тілші көлікте ұйықтап жатқан. Олардың ақпарат құралы екенін білдіретін «TV» және «PRESS» деген сөздер үлкен әріптермен машинаның артқы есіктеріне жазылған. Бомба түскен көлік бірден отқа оранған.

Журналистерді қорғау комитетінің (CPJ) мәліметінше, былтыр 7 қазанынан бастап Газа секторында, Израильде және Ливанда кем дегенде 141 журналист пен БАҚ қызметкері қаза тапқан.

Кеше, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.