Атырау, 26 желтоқсан 22:52
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қарсы міндеттемелер енгізіледі

125 просмотра
Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің тапсырмасын орындау аясында ауыл шаруашылығын субсидиялаудың тиімділігін анықтау үшін Министрлік қарсы міндеттемелерді өзектендіру бойынша жұмыс жүргізіп, субсидиялау ережелеріне үш бағыт бойынша өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістер агроөнеркәсіптік кешеннің (тауарлар немесе қызметтер) жалпы өнімінің көлемін ақшаға шаққанда өткен жылғы деңгейден өсіруді немесе сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған қарсы міндеттемелерді енгізуді қарастырады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушісінің міндеттемелерді орындау деңгейі Мемлекеттік субсидиялау ақпараттық жүйесінде тіркеледі.

Егер міндеттемелер қатарынан 2 жыл бойы орындалмаса, субсидия алу үшін өтінім беру мүмкіндігі тоқтатылады.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің «Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы салалары бойынша субсидиялау бағыттары аясында қарсы міндеттемелер қабылдау жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және жұмыс тобын құру туралы» бұйрығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы салалары бойынша субсидия алушылардың қарсы міндеттемелер қабылдау пилоттық жобасы жүзеге асырылды.

Пилоттық жобаны іске асыру нәтижесінде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және баға құбылмалылығының нақты өндіріс өсіміне әсерін жою, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нақты өндіріс көлемін айқындау мақсатында ҚР АШМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қарсы міндеттемелер қабылдау механизмін талқылау мақсатында ҚР «Атамекен» ҰКП Президиумы агроөнеркәсіптік кешен мүшелерінің қатысуымен АШМ кеңес өткізді.

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бағыттары бойынша субсидиялар алу кезінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қарсы міндеттемелер қабылдау механизмін талқылау жөніндегі кеңес хаттамасында 2024 жылға белгіленген бағаны пайдалану арқылы қарсы міндеттемелер қабылдау механизмін жүзеге асыру ұсынысы мақұлданды.

Сондай-ақ қарсы міндеттемелерді бірінші рет орындамаған жағдайда субсидияға өтінім беру мүмкіндігін 1 жылдан кейін, ал қайтадан орындамаған жағдайда 2 жылдан кейін қайта жандандыру ұсынысы мақұлданды.

Бүгін, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.