Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтаудағы ұшақ апаты туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Баку қаласына Санкт-Петербургтен оралғаннан кейін өткен шұғыл жиын барысында Ильхам Әлиев апаттың себептері әлі анықталмағанын мәлімдеді.
"Маған берілген ақпаратқа сәйкес, AZAL компаниясының Баку-Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатқан ұшағы ауа райының нашарлауына байланысты бағытын өзгертіп, Ақтау әуежайына қонуға бағытталды, онда қону кезінде апат болды", - деді Әлиев.
Әлиевтің айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде апат сәтінің кадрлары бар, олар баршаға қолжетімді.
"Дегенмен, апаттың себептері бізге белгісіз. Түрлі болжамдар бар. Бұл мәселені айтуға әлі ерте деп есептеймін. Бұл сұрақ толық тексерілуі керек", - деп қорытындылады ол.