Атырау, 25 желтоқсан 23:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Атырауда экологиялық мәдениетті арттыру мәселесі талқыланды

Бейнежазба
189 просмотра

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен іс-шарада өңірдің экологиялық жағдайы талқыланып, қоғамның экологиялық мәдениетін көтеруге қатысты түрлі ұсыныс айтылды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Дөңгелек үстелге Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экология кафедрасының меңгерушісі, профессор Мансия Есенаманова, облыстық полиция департаментінің қызметерлері, еріктілер мен студенттер қатысты.

- Әр адам табиғатқа өзінің экологиялық ізін қалдырады. Сондықтан қоршаған ортаға зиян келтірмей, тұтынған заттарымызды қоқысты қайта өңдейтін мекемелерге тапсырып, айналамызға да пайдалы өмір сүруіміз керек. Біздің унисерситетіміз осы тақырыпқа сәйкес, қолданбалы экология, экоаналитика, қалдықтарды басқару бағытында білім береді. Студенттер түрлі ғылыми жобалармен айналысады. Атап айтсақ, күкірттен бетон жасау, темекі қалдығынан тас төстеніш және биопластиктен биотері жасау сынды жобалар бар. Мұның бәрі өз нәтижесін беруде, - деді М.Есенаманова. 

Жиынға қатысқан 30-ға жуық адам QR код арқылы тест орындап, өздерінің экологияға қанша пайыз зиян тигізетінін білді.

- Ұжым болып сенбіліктерге жиі қатысамыз. Атыраудың экологиялық жағдайы барлығымыз үшін маңызды. Әр адам тазалықты сақтап, айналамыздың жақсаруына үлес қоса алады, - деді қала тұрғыны Айзат Ғабитқызы.

Анықтама үшін: «Таза Қазақстан» бағдарламасы басталғалы бері Атырау облысында 27 сенбілік өтіп, оған 85973 адам мен 1522 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 1763 тонна қоқыс шығарылды.


Бүгін, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.