Бұл жолы жайын шабақтарына қауіп төнген. Қала тұрғындары балықты ыдысқа жинап алып жатыр. Бұл құтқару шараларына ұқсамайтын секілді.
Облыстық экология департаменті бастығының орынбасары Ерлан ЕСЕНОВТІҢ берген ақпараты бойынша, хабарлама түскен бойда мән-жайды тексеру үшін оқиға орнына экология департаменті және Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы өкілдерінен құралған комиссия шықты.
Еске сала кетсек, 2 тамызда Сарыөзекте балық қырылған болатын. Құзырлы ведомстволардың айтуынша, ол кезде балық ауа температурасының +30 градус ыстыққа дейін көтеріліп, оттегі жетіспегеннен қырылған.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА