Атырау, 25 желтоқсан 21:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Атырауда 1200 орындық жаңа мектеп ашылды

Сурет
181 просмотра

Водников ауылында  жалпы білім беретін №50 мектеп пайдалануға берілді. Мұнда екі ауысымда 2 400 бала білім алады. Ашылу салтанатына облыс әкімі Серік Шәпкенов пен ауыл тұрғындары қатысты, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

- Алдағы екі жылда үш ауысымды және апатты деп танылған мектептерді түбегейлі жою үшін 30-ға жуық оқу ордасының құрылысын аяқтау жоспарланды. Бүгін балаларымыздың жарқын болашағы үшін тағы бір заманауи, жайлы және қауіпсіз мектепті пайдалануға беріп отырмыз. Ауыл халқы да бұл күнді көптен күтті. Оқушыларға білікті ұстаздар сабақ береді. Осы мектептен түлеп ұшқан әр шәкірт елінің ертеңі үшін қызмет етер ұланға айналады деп сенім білдіремін, - деді С.Шәпкенов. 

Енді ата-аналар баласын көрші елді-мекендегі не қаладағы мектептерге тасымайды. Осыған қуанған ата-аналар қуанышын жасыра алмады.

- Ауылымызда осындай заманауи, барлық жағдайы жасалған мектептің ашылғанына өте қуаныштымыз. Бұрын баламызды басқа елді мекенге тасымалдауға мәжбүр болатынбыз. Енді жақын жерде жайлы және қауіпсіз ортада білім алады. Атына заты сай екенін де көріп тұрмыз. Балам осы мектепте толыққанды білім алып, болашақта үлкен жетістіктерге жетеді деп сенемін,- деді ауыл тұрғыны Назгүл Қашауова.

Мектептегі бейнебақылау камералары Жедел басқару орталығына қосылған. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға кедергісіз орта қалыптастырылды. Бастауыш және жоғарғы сынып оқушылары үшін бөлек блоктар салынған. Білім ордасында түрлі санаттағы 100 мұғалім сабақ береді.

Мектеп аумағы жүгіру жолағымен, баскетбол, волейбол алаңдарымен, теннис кортымен, ойын және workout алаңдарымен жабдықталған.

Мектеп ғимаратында спорт зал, бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған асхана, акт зал және кітапхана бар. Сонымен қатар психолог, логопед, медициналық кабинеттерімен, заманауи үлгідегі оқу сыныптарымен, физика, химия зертханаларымен және STEM кабинеттерімен жарақталған.

Келер жылы аймақта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында  тағы алты мектеп пайдалануға беріледі.


Бүгін, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.