ZHEBE.COM. «Медиациямақсаты– бітімгершілік» - Қазақты ежелден мәмілегер халық деп айтамыз. Кез келген мәселені келісіммен шеше білгендігін тарихтан, ауыз әдебиеттерден білеміз. Бір ауылда даулы мәселе туындағанда жүгініп баратын би ағасы болған екен. Екі жақтың да уәжін тыңдап алып барып, екі тарап та ұтылмайтындай немесе кінәлінің кінәсін мойындатып қана татуластырып жіберіп отырған. Ешқандай сотқа жүгініп, бірін-бірі аямай балағаттап, қарғап-сілеп, көзін құртып жіберу сияқты мәселелер аса көп туындай бермеген.
AZATTYQ.ORG. «Дипломды жастар ауылға үй үшін барады» - «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша берілетін несиеге шалғай ауылдан үй тигенімен, қалаға жақын жерде баспаналы болу қиын.
«Жер дауы кезінде қырғыз малшылары қамалды» - Қазақстан соты шекарадан өткен бес Қырғызстан азаматының қамау мерзімін екі айға ұзартты. Бішкекте қазақ-қырғыз жер дауына байланысты өткен келіссөз қортындысы алдағы аптада жарияланбақ.
«Отандық көлік мінетін шенеуніктер аз» - Қазақстан мен Ресей президенттері шенеуніктердің отандық көлікке мінуін талап еткен сайын қымбат бағалы шетелдік көліктерге сұраныс арта түскендей.
AIKYN.KZ. «Үйде үзілетін ұлт» - Бірінші кезекте Қазақстан азаматтарының сырқатнама деректерінің реестрі жасалуы керек. Азаматтың қайда қайтыс болғанына қарамастан, осы сырқатнама деректері түрлі дерт бойынша салаланып, жинақталуы қажет. Сонда Қазақстан азаматтарының қайсысы қандай аурумен ауырғаны, неден қайтыс болғаны анық белгілі болады. Сол арқылы қаншама қатерлі дерттердің бары анықталады. Олардың неден пайда болғанына сараптама жасау мүмкіндігі қалыптасады. Қай өңірде қандай дерттердің кеңінен таралатындығын білуге болады.
«Балалар аудиториясы өзіне қажетті киноларға зәру» - Ахат Ибраев – «Болашақтың»түлегі. Жас режиссер. Қазақ кино өнеріндегі жаңа есімдердің бірі. Кинорежиссура мамандығы бойынша Америкадағы «Columbia College Chicago» оқу орнын бітірген.
Компьютерлік графиканы пайдалана отырып, фэнтези жанрында кино түсірген еліміздегі алғашқы кәсіби маман.
ALASHAINASY.KZ. «Қаржы полициясы Қастеев туындыларын құтқарып қалды» - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мамандарының айтуынша, картиналарды сатпақ болған адам ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Себебі антиквар картиналарды әлдекімнен сатып алған, ал ол тағы беймәлім біреуден сатып алған көрінеді. Қолдан-қолға өткізушілер тізбегі Қаржы полициясының алдағы тергеулері барысында анықталатын болады.
«Емдеу-демалыс орындарына қашан мән береміз?» - Кезінде ғалымдар 300-ден астам минералды су көздерін, 120 емдік балшығы бар көл мен 50-ден асатын климаттық емдеу орындарын анықтаған еді. Дегенмен олардың көпшілігі кезінде пайдаға аса қойған жоқ. Бүгінгі таңда олардың жағдайы қандай болып отыр? Бұл тұрғыда қаншама кедергі кездесіп отыр деуге болады. Бастысы, қаржының тапшылығы салдарынан аталмыш жерлер әлі де елдің көзінен таса қалып отырған жағдайы бар.
BNEWS.COM. «Австрияда есінеген адамдарға тегін кофе беріледі (ВИДЕО)» - Douwe Egberts кофе шығаратын компания (Австрия) африкалық әуежайда автомат орнатты. Бұл автоматтың ерекшелігі ол ақша төлеген адамға емес, есінеген адамға тегін кофе береді. Есінеп тұрған адамды автоматта орнатылған «бағдарлама» байқауы керек. Осылайша, жолдан шаршаған жолаушылар тегін кофе ішіп, шөлін қандыра алады. Шаршағандықтың да пайдасы бар екен.
«Мысырдағы жағдай ушығып тұр (ВИДЕО)» - Мысыр астанасындағы Рабиа аль-Адавия алаңында демонстранттар мен ІІМ қызметкерлері арасында болған қанды қақтығыста 120-ға жуық адам құрбан болды. Оқиға сенбіге қараған түні болды, деп хабарлады «Мұсылман ағайындылар» қозғалысының сайты алаңдағы көшпелі госпитальдың бас дәрігеріне сілтеме жасай отырып.
EGEMEN.KZ. «Қайсысы қымбат: адам ба, айлақ па?» - Айыр қалпақты ағайынның өткендегі жерін даулап, қазақ бауырының бақшасына келетін судың жолын жауып тастағаны біраз ойға жетелейді. Екі мемлекеттің арасында келісім болған. Барлығы заң жүзінде жасалған. Қада қағылған. Қоршау жүргізілген. Бірақ қырғыздың шүйкімдей ғана бөлігі суды байлап, бұлқан-талқан болып, үкіметін де, біздің шаруаларды да әбігерге салып қойды. Біздің тараптан ашу туғызатын-ақ жағдай. Бірақ сол жердегі халықтың көзқарасымен қарасаңыз, олар өз мүддесін күйттеп, жағдайларын ойлап отыр. Ең бастысы, олар өздерімен жұртты санастырды. Ал бізбен біреу санаса ма?
NEWSKAZ.KZ. «Челахтың адвокаты ЖС-ға үкімнің күшін жою туралы өтініш берді» - «Адвокат өзінің өтінішінде В.В.Челахқа қатысты мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша әскери соттың үкімін, бірінші инстанциядағы осы үкімді өзгеріссіз қалдырған әскери соттың апеляциялық және кассациялық сот алқаларының қаулыларын толық көлемінде алып тастап, қылмыстық істі қысқартуды сұрайды», - деп атап өтілген баспасөз баянында.
ALASHARENA.KZ. «Үздіктер мен аутсайдерлер анықталды» - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының21-туры өтті. Бірінші кезеңніңаяқталуына әлі бір тур бар, бірақжүлдеге таласатын үздік алтылықпен аутсайдер алтылықанықталды.
«Қанат Ислам: 40-тан асқанша жұдырықтасудың сыры...» - Қазір елімізде бокспен шұғылданып жүрген, жасы 30-дан асқан боксшы жоқтың қасы. Ал АҚШ-та қырық жастан асып кеткен боксшылар жас баладай айқасып жүреді. Соның барлығы дұрыс тамақтанудың арқасы деп ойлаймын. Қазақтар ет тағамдарын жейтін кезде жемей, жемейтін кезде жеп жүре береді.
BAQ.KZ. «Түрмеден мыңнан астам тұтқын қашып кетті» - Ливия премьер-министрі Әли Зейданның айтуынша, түрмеге жақын маңдағы ауыл тұрғындары шабуыл жасаған. Осылайша, олар өз үйлерінің қасында түрменің орналасуына қарсылық білдірген екен.
Қашып кеткендердің арасында Муаммар Каддафи режимімен байланысы үшін сотталғандар да бар.
«Ғалымдар ең пайдалы жеміс түрін анықтады» - Пайдалы дәрумендерден құрылған сүйекті жемістердің ішінде өрік ең пайдалы жеміс деп танылды, деп хабарлайды Росбалт. Алайда асқазан жарасы, гастритпен, сонымен қатар қант диабетімен ауыратын адамдар өрікті аз пайдаланған жөн.
«Қостанайдағы зауыттың темір тұлпарлары Евро-4 сәйкес шығарылып жатыр» - 2014 жылдың қаңтар айынан бастап барлық автокөліктер экологиялық Евро-4 стандартына сәйкес шығарылуы тиіс. Бұл міндеттеме бойынша Қостанайдағы «Агромашхолдинг» зауыты қазірден өз жұмысын бастап кеттті.
KAZAKHSTANZAMAN.KZ. «Сәтсіз ота құрбандары… Қателік кімнен?» - Пластикалық опера-цияның зардабын тартушылар әсіресе көп-шілік көрерменін сұ-лулығымен тәнті етпекке ұмтылған өнер жұлдыздары арасында көп орын алып жатады. Себебі, кез келгеннің қалтасы көтере бермейтін мұндай ота түріне қарапайым, әуелі жанын бағып алайын деп, қалт-құлт етіп жүргендердің әуестенбейтіні рас.