Атырау, 19 желтоқсан 00:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Белсенділер денсаулық сақтау министрін орнынан алуды сұрайды". "Әблязов пен Ақорданың текетiресi шиеленісе түсті". "Қай аймақта не өсіру керек?". "Мемлекеттік органдар «Протон-М» апатына атүсті қарап отыр". "Назарбаев ашып, қайта жабылған жобалар".

1 998 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Белсенділер денсаулық сақтау министрін орнынан алуды сұрайды"

"Гепатит жұқтырған балалардың ата-аналары наразы" - Астанадағы «Ана мен бала» орталығында балаларына қосымша дерт жабысқан ата-аналар бір уақытта вирус жұқтыру себептерін тексеруді талап етеді. Орталық басшысы басқа себеп айтады.

"Әзербайжан билігі журналистерді мақтап, пәтер берді" - Журналистерге деген қарым-қатынасы мен БАҚ еркіндігін шектеу жағынан жиі сыналатын Әзербайжан билігі Бакудегі көп қабатты үйден 150 журналистке пәтер берді.

"Телефонды ұрлатпау амалдары" - Қазақстанда қалта телефонын жоғалтқан адам көп жағдайда оны қайтара алмайды. Ресми дерек бойынша, бұл саладағы ұрлықтардың тек 26 пайызы ғана ашылған.

"Генерал Әсенов пен екі украин түрмеге жабылды" - Қазақстанның әскери соты Астанада ұсталған генерал Алмаз Әсенов пен Украинаның екі азаматын түрлі мерзімге соттады. Бұл істі былтыр желтоқсанда Шымкент түбіне құлаған әскери ұшақпен байланыстырады.

ZHASALASH.KZ. "Қалаларға әуеден шабуыл жасау туралы кесапатты ой ҚР Қорғаныс министрiнiң басына қайдан келдi?" - Соғыс жағдайында қолданылатын әскери әуе күштерiнiң қалаларға ша­буыл жасайтын әдiстердi үйренiп жатқаны қорқынышты жағдай. Қорқынышты болатыны, Қорғаныс министрлiгi мұндай күрделi әскери әдiстi қашан, қандай жағдайда қолданатынын ашып айтпаған. Оның үстiне дәл қазiр төтенше жағдай орын алатындай шекаралас мемлекеттерден дау туып, Қазақстанның тұтастығына қауiп төндiретiн, соғыс ашатын мемлекет көрiнбейдi. Ендеше әс­керилердiң қалаларға әуеден шабуыл жасау әдiсiн тез арада үйренудi қолға алуының себебi неде?

"Текетiрестiң жалғасы тағы бiр дау-дамайға соқтырып жүрмесе" - Астана Мұхтар Әблязовтiң әйелi мен қызын Италияға қайтара алатынын мәлiмдедi. Бiрақ мұндай жағдайда Италия билiгi Алма Шалабаеваны өз елiнде сотқа тартатынына кепiлдiк беруi керек. Итальяндық Corriere della Sera газетi Қазақстан үкiметiнiң жауаптарын жариялады. Десек те Әблязов пен Ақорданың текетiресiне нүкте қойылған жоқ, екi жақтың жекпе-жегi шиеленiсе түстi. Ендiгi жерде Әблязовтiң оққағары Александр Павловты Қазақстанға қайтару жөнiнде шешiм шығарды.

"Көзбояушылық" - Билiктегiлер әкiмдердi сайлаудың тиiмдi тетiгiн табуға 14 жылдан берi бас қатырып келедi. Әлi табыла қойған жоқ. Тамызда өтетiн жаңа әкiм сайлау, дәлiрегi кезектi науқанның өкiметке де, халыққа да тиетiн шарапаты шамалы. Естерiңiзде болса, мемлекет басшысы желтоқсанда халыққа арнаған жолдауында бұл сайлау ауылдағы басқару сапасын арттыруға мүмкiндiк бередi деген. Басқа жақты қайдам, Оңтүстiк Қазақстан облысында бұл сайлаудан кейiн бiрдеңенiң өзгеретiнiне сене қою қиын. Атқарушы билiк пен мәслихат сайлаудың сценарийiн әлдеқашан келiсiп, кесiп-пiшiп қойған.

AIKYN.KZ. "Қазақ жерін тазартуды қашан бастаймыз?" - Қазақ жерінде 400-ден астам түрлі сынақ полигондары жүргізілгендіктен топырақтың улануы жоғары деңгейге жеткен.
Кеңес дәуірінің кезінде Чернобль апатының аумағын зарасыздандыру жұмыстары 18 жыл бойы тоқтаусыз жалғасып, ақырында тиісті нәтижеге қол жеткізілген. Мамандар аумақтың қауіпсіздігін бүгінде сол жерге қияр өсіріп, пайдаланудың ағзаға еш зиянының жоқтығымен дәлелдеп отыр. Ал Дүниежүзілік сауда ұйымының қатарына енуге өтініш берген Қазақстан алдымен уланған даланы зарарсыздандырумен айналыспаса, ертеңгі күні бүкіл Еуропаны шулатуы мүмкін.

"Қай аймақта не өсіру керек?" - Павлодар облысы биыл қарбыз же­мейтін болды. Ол ол ма, қиярсыз да қа­лулары ықтимал. Қысқасы, витаминді көкөніс және бақша дақылдары биыл аймақ үшін зәру затқа айналмақ.

ALASHAINASY.KZ. "Бесіктен бездірушілердің көздегені не?" - Бесік – қазақтың аса қастерлі мүлкі. Бірақ бүгінгі күні бесікті қолдану бірте-бірте тұрмыс-салтымыздан шығып бара жатыр. Тіпті бір кездері қазақ баласын бесіксіз елестету мүмкін болмаса, бүгінгі күні бесікке шоши қарайтын аналар саны артып барады. Осылайша тұрмыс- салтымызға тиімділігімен, баланың денсаулығына пайдалылығымен еніп, жүздеген ғасыр бойы сынақтан өткен бесік бүгінгі күні күнделікті қолданыстан шығып қалып отыр.

"Мемлекеттік органдар «Протон-М» апатына атүсті қарап отыр" - Үкіметтің кезекті отырысында Қазақстанның соңғы алты айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері қаралды. Эко­но­мика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің есебіне сәйкес, бүгінде біз экономиканы дамыту бойынша алға қойылған негізгі мақсат-міндеттерді орындап шықтық. Алайда кейбір салаларда тежелу байқалады. Оның да өзіндік себептері бар. Ал кейбір мемлекеттік органдар «Протон-М» апатына немқұрайлы қарап, ол жаққа әлі ат ізін де салмапты.

"Бүгінгі таңда өлім-жітімнің 60 пайызы тағаммен байланысты" - "Fast food өнімдері артық салмақтың қосылуы­на, холес­териннің көбеюіне себепші. Ондай өнімдерді пайдаланған күннің өзінде құрамы нормативтік талаптарға сәй­кес болуы керек. Мысалы, осыған байланысты біз Астана қаласының кейбір көше бойында орналасқан «чебурек, пирожки, беляши» сататын дүңгіршек­тер­дің жұмысын тоқтатуды талап еттік. Себебі ол жерлерде бір ретке ғана қолданылуға тиіс өсімдік майларын қайта-қайта пайда­лана­тындығы анықталды. Ал ол адам ден­саулығына өте зиянды. Екінші, үшінші рет қыздырылған майға қуырыл­ған тамақтан адам бойына қатерлі транс­майлар жина­лады. Өсімдік майы қайта-қайта қатты қыздырылып  шыж­ғырылса, құрамы өзге­ріп, канце­роген – қатерлі ісік тудыратын улы қосылыстар пайда болады. Өсімдік майларын сәл ғана қыздырып пайда­лану керек".

TURKYSTAN.KZ. "Күмән туғызған тергеу кемшіліктері" - Жалпы, Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Лукин 2012 жылғы 28 желтоқсанда баспасөзге берген сұхбатында аттестацияға дейін және оның барысында қаржы полициясы жоғары басшылығының құрамы 85 пайызға жаңарғанын хабарлаған болатын. Ендеше, бүгінгі таңда ашық сот процессі барысында анықталып жатқан келеңсіздіктердің түбірі қайдан бастау алатынын әркім іштей сезеді. 

"Құбыжықтардың құрбандары. Елімізде педофилдердің тәлкегіне ұшыраған балалардың саны артуда" - Осының салдарынан болар, Қазақстандағы педофилдер саны уақыт өткен сайын артып келеді екен.  

QAMSHY.KZ. "Назарбаев ашып, қайта жабылған жобалар" - Қазақстанда үдемелі-индустриалдық жобалар ретінде ашылған ондаған зауыт пен кәсіпорын бірнеше жыл өткесін дағдарысқа ұшырап, я өнім шығармаған күйі жабылып қалды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев аймақтарды аралау кезінде мұндай «өндіріс орындарын» ашу салтанаттарына қатысып, оларды ел экономикасының өсу көрсеткіштері ретінде мысал етеді. Азаттық тілшісі сондай 10 жобаның тағдырын зерттеп көрген еді. Төмендегі картадағы қызыл шеңберлерді бассаңыз, өндіріс жобалары туралы ақпарат ашылады.

EGEMEN.KZ. "Киікті көбейткен кәсіпкер" - Әжбай ауылдық округіне қарасты «Мырзалы» қыстағындағы Талғат Мағаз жетекшілік ететін «Игілік ӘЖҚ» шаруа қожалығы киік лақтарын қолда өсіріп отыр деген хабар алдық. Сонымен қатар, бұл шаруашылық балық пен Қалмақиядан әкелінген етті мал тұқымын өсіруге де ден қойған екен. Жуықта осы шаруашылықпен танысудың сәті түсті.

BAQ.KZ. "Кішкентай ханзада ел бюджетіне табыс әкелді" - Патшайым отбасында дүниеге келген бала ел бюджетіне 1 млн фунт стерлинг табыс әкеліпті. Табыс негізінен балаларға арналған ойыншықтар пен кітаптар саудасы, кәдесыйлардан түскен.

NUR.KZ. "Ақшаны қай валютада сақтаған жөн?" - Шілдеде Қазақстанда АҚШ долларының құны өсіп, 1 доллардың бағамы 153 теңгеден асты. Доллардың қымбаттауына не себеп? Ақшаны қай валютада сақтаған жөн?

"Бұрынғы полицейлер күшік үшін адамды итше сабаған" - Ең қызығы сырқаттанып көз жұмған мақұлықтың ақысын қайтаруға келгендер бұрынғы тәртіп сақшылары екен. Қылмыстық іс қозғалғанына қарамастан қос күдікті де бостандықта жүр, ал оңбай таяқ жеген жігіт ес-түссіз күйде жатыр.
Читать полностью:  http://news.nur.kz/273973.html

Читать полностью:  http://news.nur.kz/273849.html

25 шілде 2013, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.