Атырау, 26 желтоқсан 22:33
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Құмнан екі үй ғана аршылды

5 891 просмотра

Біз Исатай ауданының Исатай селосындағы 30 үйдің құм құрсауында қалғанын бұрын жазған болатынбыз («АЖ» №25, 20.06.2013 жыл,  «Құмда қалған ауыл» жарияланымын қараңыз).

Қазір де жиі тұрған желдің салдарынан Нарын құмы үйлерге барған сайын жақындап келеді.

- Біздің қолымызда еш техника жоқ, - дейді Исатай селосы әкімінің міндетін атқарушы Маргарита ТИМРАЛИЕВА. - Тұрғындар бізге көмек сұрап келуде, бірақ, біз оларға қандай көмек бере аламыз? Жуырда осы ауылға амбулатория құрылысын жүргізбек болып «Жайықуниверсал» ЖШС келді. Біз солардан жұмысшылар мен техника бөлуін өтініп, көмек сұрадық. Олар  екі үйді құмнан аршып, топырағын құрылысқа пайдалануда. Ал аудан тарапынан еш шара қолданылмай отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.