ZHASALASH.KZ. «Қой – “брюсли”, сиыр – “алсу”, Асылжан– кiм?»- Бұл өткен жексенбi күнi Алматы iргесiндегi базарда болған оқиға... Моловодное базары қазiр малға лық толыпты. Бiр қызығы, алушыдан сатушы көп. Берiсi Шелек, арысы Нарынқол мен Жаркенттен мал әкелгендер. Қатар-қатар сап түзеген жүк көлiктерiнiң арасында саудаласқан ел. Бiрақ малдың құны жоқ. Мысалы, iсек қойдың бағасы 20 мыңның маңы. Одан жоғары көтерсе, өтпейдi. Өйткенi алушының денi – алыпсатар. Жанын жеп жүрiп мал өсiрген қыр қазағын жаңағыдай сөзбенқ ажайтындар да– солар.
«“Ресейге сатылған күштiк құрылымдардың құрбаны болдым” дейдi президенттерге хат жазған сарапшы» - 2011 жылы қаржы полициясының айыптауымен тұтқындалған халықаралық терроризм мәселелерi жөнiндегi тәуелсiз сарапшы Әдiл Мұқашевтың президентке жазған хаты жақында guljan.org сайтында жарық көрдi. Сондай-ақ, онда Reuters тәрiздi белдi халықаралық ақпарат құралдарына сұхбат берiп жүрген сарапшының Ресей президентi В.Путин мен АҚШ президентi Б.Обамаға жолдаған хаттарынан үзiндi келтiрiлген. Жазғандарына қарағанда, Мұқашевтың бiлмейтiнi жетi қат жердiң астында дерсiң. Оның өзi де “тым көп ақпарат бiлгенiм үшiн тұтқынға алындым” дептi.
«“Төтенше депортацияның артында қазақ шенеунiктерiне жағыну тұр”» - Шалабаеваның депортациясынан шу шыққанына қарамастан, Италияның iшкi iстер министрi Анджелино Альфано қызметiн сақтап қалды. Жұма күнi вице-премьер әрi министр Альфаноның отставкасын дауысқа салған Италия сенаты Альфано қызметiнде қалуы тиiс деп ұйғарды. 226 сенат депутаты Альфаноны қолдап дауыс бердi, 55-i қарсы шықты.
AZATTYQ.ORG. «Зимановтың ұлы - түрмеде, немерелері – шетелде» - «Мұхтар Зиманов ісінің» назарға ілігуіне әкесінің Қазақстан конституциясы авторларының бірі болғаны ықпал етті. Зимановтар әулеті «зиялылардың елден кетуінің» классикалық үлгісіне де айналған.
«Қазақ-қырғыз кездесуі жер дауын талқылап жатыр» - Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстанның үкімет комиссияларының кездесуінде екі елдің шекарасындағы жер дауына қатысты мәселе де қаралып жатыр.
«Экс-депутат ауған әйел бассауғалауға мәжбүр» - Ауғанстандық құқық қорғаушы әйел Нурзия Атмар зәбір көрген жандарға арналған орынды паналап отыр. Оның тағдыры Ауғанстандағы әйелдердің шатқаяқ жағдайына мысал болады.
«Астананың жауабы мен италиялық актердің әжуасы» - Италиялық Corriere della Sera газеті Қазақстан үкіметіне жолдаған сауалдарына жауап алғанын жариялады. Астана белгілі бір шартпен Мұхтар Әблязовтың әйелін қайтара алатынын мәлімдеген.
AIKYN.KZ.«Девальвация: себеп пен салдар» - Үстіміздегі ай басталғаннан бері доллар мен евро 3 теңгеге қымбаттады. Сөйтіп, ұлттық валютамыз біраз девальвацияға ұшырады. Себеп не? Әуелі соған жауап берейік.
Әлқиса, бұл жағдайдың бірден-бір себепшісі – Кедендік одақ бойынша басты әріптесіміз Ресей Федерациясы рублінің құнсыздануы. Өйткені одаққа мүше мемлекеттер валюта нарқын белгілеуде бірлескен шешіммен жұмыс істеуге келіскен болатын. Ал рубль негізінен валютаның сыртқа мол кетуі есебінен құнсызданғанын Ресей сарапшыларының өздері айтуда. Жыл басында Ресей Федерациясының валюталық қорында 550 миллиард долларға жуық қазына болса, қазір содан қалғаны 505 миллиард доллар ғана. Қысқасы бақандай 45 миллиард доллар елден кетіп қалған.
ALASHAINASY.KZ. «Көз ілмейтін түн баласының табысы қайда?» - Түнгі ауысымда көз шырымын алмай жұмыс істейтіндер бүгінде тұтас әлемдегі жұмысқа қабілетті жанның 25 пайызын құрайды екен. Яғни әрбір төртінші жұмысшы түнгі уақытта еңбек етеді. Статистикалық деректер қазақстандықтардың да бұл тізімнің бел ортасында екенін көрсетеді. Еліміздегі «түнгі қызметкерлердің» жартысына жуығы 14-тен 35 жас аралығындағы жастар көрінеді.
«Жол апаттары 49%-ға көбейіп кетті» - Елімізде жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылғыдан 49%-ға көбейіп кетті. Қайтыс болғандардың саны 5%-ға, жарақат алған азаматтардың қатары 59%-ға артып отыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті хабарлады.
«Евро-4 көлігі Евро-2 жанармайына қақалмай ма?» - Тарқатып айтар болсақ, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап ел аумағына тек Евро-4 стандартына сай автокөліктерді ғана әкелуге рұқсат ететін заң күшіне енді. Алайда ол көліктерге соған сай жанармай қажет екенін ұмыт қалдырған сияқтымыз. Өйткені Қазақстанда тек Евро-2 стандартына сәйкес жанармай ғана шығарылса, Қытайдан жеткізілетін жанармай Евро-3 стандартынан аспайды. Сондықтан Евро-4 стандартына сай жанармай үшін Ресейге алақан жаюға мәжбүрміз.
SHYN.KZ.«Ақша қайда? Жастар қайда?» - «Жастарға ақша бөлініп жатыр» деген жалпылама жақсы сөз бар. Ал, ол қаржы қайда жұмсау үшін беріледі? Жастардың мәдениетіне ме, әдебиетіне ме? Бәлкім, толыққанды жұмыспен қамтылуына шығар? Қайдам! Олай еткен болса, базарда тәшкі итеріп, көшеде көлік жуып тұрған қазақтың қара күш ұлдары әлдеқашан-ақ мұртымен май былғап отырар еді.
BNEWS.KZ. «Интеграцияны жасанды жолмен жылдамдату жекелеген елдерге тиімсіз" - Еуразиялық одақ – ел тарихындағы ең ауқымды қаржы-экономикалық дағдарысқа тұспа-тұс келген мега жоба. Сондықтан интеграцияға мүше мемлекеттердің әрбірінде іс-қимылдардың айқын стратегиясы болуы керек. Біздегі жағдай қалай, бәсекеге қабілетті ме? Кімге тиімді?
MASA.KZ. «Қытай үшін сен «Қу»-сың» - Бейжіңді қалдырып қойып «қыдырудан» («Бейжің тұра береді, біз жүре береміз» дейді қытайлар) жалықпайтын Жүңго жүмриятының «ерікті жұмысшылары» Қазақстанды тұрақты мекен ете бастағаны туралы деректер мол. Осындай жауапсыз көші-қонға Қазақстан емес, Қытай өкіметі тыйым салғалы тұр.