Атырау, 19 желтоқсан 00:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Қазақтың құны қанша?". "Министрлер қайда кетті?". "Өзбектердің ойында не бар?". "Ғарыш заманында жеделсатыға жарымай отырмыз". "Бенси: Италияның сыртқы істер министрі үнсіз". "Визасыз саяхаттың қыр-сыры".

2 794 просмотра

AIKYN.KZ. "Қазақтың құны қанша?" - Кез келген адам үшін ең бірінші – оның аты қымбат. Әкесінің аты қымбат. Ата­сының аты қымбат. Тегі қымбат, тұ­қымы қымбат.

"Министрлер қайда кетті?" - Өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметкерлерге жаңажылдық және басқа да мемлекеттік мерекелерді шетелде қарсы алуға тыйым салған еді.

Елбасымыздың ескертуі қазақстандық саяси элитаның шымбайына қатты батып кеткен тәрізді. Шілде айының алғашқы онкүндігінде БАҚ беттерінде «Елбасымыз қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты» деген ақпарат жарияланған күннен бастап демалыс алып, шетел асып кететін қазақстандық саяси элита биыл еңбек демалысына шығуға асығар емес. Үкіметтің баспасөз бөлімі министрлердің басым көпшілігі қазір жұмыс орнында екенін айтады.

"Өзбектердің ойында не бар?" - «Егер Нұрсұлтан Назарбаевтың ойы (Түркияға барағанда Елбасы Түркі одағын құрсақ деген баяғы Тұрғыт Өзалдың бас­та­масын жаңғыртуға тырысқан) расымен де шы­найы болса, онда ол бейбіт жолды таң­дай отырып, қазақ халқын түркі халық­та­рының бірі саналатын өзбектермен, Қа­зақстанды түркі мемлекеті Өзбекстанмен біріктірсін. Сол арқылы ол оның бұрынғы беделін қалпына келтіруге үлесін қосар еді. Қазіргі Қазақстанның барлық аумағы қазақ тарихшыларының өздері дәлелдеген Қоқан хандығын айтпағанда, 1312 жылдан бері Өзбекстан деген атты иеленген бірінші өз­бек мемлекетіне тиесілі екені анық». 

Осылай деген Рүстемжон: «Қазақстан Өз­бекстанға Каспий жағалауына шығатын жер бөліп беруі керек. Өзбектер ол жерге өз­дерінің жағалау құрылыстарын, сонымен бірге жүк және жолаушылар теңіз терми­нал­дарын салады. Әгәрәки Қазақстан бұ­ған келіспейтін болса, Өзбекстан әскери-саяси һәм экономикалық қысым жасау арқылы дегеніне жетеді» дейді. Осылай қор­қытып-үркіткісі келеді. Бұлай деп мұ­қым өзбектің атынан гәпіріп отырған эко­номика ғылымдарының докторы, академик Рүстемжон Абдуллаев деген ака.

ALASHAINASY.KZ. "Beibytbook" - Қазақша интернет Авгийдің атқорасын еске салады.

Қаласақ та, қаламасақ та ғаламтордың өміріміздің бір бөлшегіне айналып кеткені рас. Күніне 10 сағат ғаламторда отыратындар баршылық. Дәл қазіргі заманда бұнсыз жұмыс істеу мүмкін болмай бара жатыр. Интернеттің игілігін көбіне-көп тілшілер қауымы көріп келеді. Ақпарат алмасуда, керегін табуда, барын жарнамалауда байланыстың бұл түрі өзінің тиімділігін әлдеқашан дәлелдеген. Ал қарапайым жұрт уақытын қызықты өткізу үшін бас сұғады.

"Ғарыш заманында жеделсатыға жарымай отырмыз" - Талап бойынша жеделсатылар 25 жыл қызмет көрсетуі тиіс. Ал біздегі лифтілердің қызметіне 35 жылдан асқан. Салдарынан кейде апатты жағдай орын алып, адам шығынына ұрындырып жатса да, қазірге оларды жа­ңа­лау мүмкін болмай тұр. Себебі көп­қа­батты тұрғын үйлер жеке­ше­лен­ді­ріл­ген. Соған орай жеделсатылар да тұр­ғын­дардың ортақ пайдалануындағы мүлік болып саналады. Яғни жеке мүлікті иелері өздері жаңалауы тиіс.

"Чартерлік рейстерге шектеу қойылады" - Алдағы жексенбіден бастап шетелдік компанияларға Қазақстаннан чартерлік әуе тасымалын пайдалануға біржола шектеу қойылмақ. Осы арқылы авиакомпаниялар жолаушыларға көрсететін қызмет сапасын арттырып, рейстердің уақытынан кешікпеуі қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

AZATTYQ.ORG. "Бенси: Италияның сыртқы істер министрі үнсіз" - Италияның вице-премьері, әрі ішкі істер министрі Анджелино Альфано өткен апта парламент өзіне сенім білдіргесін қызметінде қалды. Мамырдың соңында қуғындағы қазақстандық оппозициялық саясаткер, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтың әйелі мен қызын Италия полициясы ұстап, Қазақстанға депортациялаған еді. Кейін Италия үкіметі депортацияны заңсыз деп таныды да, ішкі істер министрлігінің бірқатар лауазымды қызметкерлері отставкаға кетті.

"Визасыз саяхаттың қыр-сыры" - Виза шекарада қалай соғылады? Министрліктің жариялаған тізімі Қазақстан азаматтарына тиімді ме? Осы жайттар туралы экс-дипломатиялық қызметкер, 1990-2008 жылдары Қазақстан сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеген Қазбек Бейсебаев әңгімелеп берді.

"Азаматтық белсенділер жиын өткізу хақын сұрайды" - Азаматтық белсенділер биліктен жиналу хақын сыйлау сияқты халықаралық міндеттемелерін орындауды талап етеді. Өйткені Астана мен Алматы әкімдіктері әлі күнге дейін оппозицияның өткір мәселелер көтеретін жиындарын өткізуге рұқсат бермей келеді. Соңғы мәрте мұндай жағдай шілденің 12-сі күні қайталанды - "Демкоратиялық күштер жиынын" ұйымдастырушылар шараны аулада өткізуге мәжбүр болды.

ABAI.KZ. "ЭКСПО және Эйфель мұнарасы" - Францияға, Парижге келгеннің барлығы ең алдымен Эйфель мұнарасын көреміз, үстіне шығамыз, суретке түсеміз деп келе береді, келе береді. Бұндай майшелпекті қалай бұзасың? Уақытша деп тұрғызылған ғимарат ақыры Париждің мәңгілік символына айналып кетеді. Әлі күнге дейін Францияға туристер арқылы қыруар пайда алып келеді.
Бізде осы Эйфель сияқты нартәуекелшіл архитекторлар бар ма? Басында өзіміз үшін күлкі болса да, болашақта Астананың символына айналар идея ұсына аламыз ба? Әлде сол үйреншікті мазақ пен малшашпақ деңгейінде қала ма?

"Алаш әскері" - Әлихан Бөкейхан бастаған қазақ оқығандары түрлі амал-шарғылармен қазақтың қақысын алып беруге амал қылды. Соның бірі – қазақты әскер қатарына алдыру болатын. Славян жұрттарымен, казактармен қатар атты әскер сапына алынар болса, қазақ қазына меншігіне айналған өз жеріне деген құқына ие бола ма деген үміт бар еді… Мемлекеттік Дума мінберінде қойылса да мәселенің мәнін империяның ішкі және сыртқы қауіпсіздігі тұрғысынан сараптаған патша шенеуніктері шешімдерін шығарып қойған еді: «болмайды!» Халықтың қорғаны болуға жандарын салған Әлихан Бөкейхан бастаған тегеурінді саяси күш қалыптасқанда тарих дауылы мүлде басқа жақтан соқты. Ақпан төңкерісінен соң Ресейдің болашағын түрлі көзқараста көре бастағандар арасында бітіспес күрес басталды.

INFORM.KZ. "Сыра адамның миын ірітеді" - Испаниялық Сантьяго-де-Компостела университетінің мамандары анықтағандай, ми қызметін әлсірету үшін аптасына үш саптыаяқ сыра немесе үш бокал шарап жетіп жатыр. Бұл жайында GlobalScience хабар таратты.

ZHEBE.COM. "Көз жұмбай тұрып, халқына қазасын естірткен!" - Түркияның  сегізінші президенті, марқұм Тұрғыт Өзалдың қазасына байланысты құпиялар ашылған сайын саясаткерге  жасалған қастандықтың сипаты  белгілі бола бастады. Анкара прокурорының тапсырмасымен  2012 жылы 2 қазанда Тұрғыт Өзалдың  зираты қайта қазылып, сот-медициналық сараптама жасалған болатын. Түркияның сот  медициналық сараптама мекемесі Тұрғыт Өзалға 4 түрлі у берілгенін анықтаған еді. Енді осы оқиғаның өзге де қырлары ашыла бастады.

"«Қашағанға» да Қытайдан құрығы түседі-ау..." - Негізі  «Қашаған» кенішінен  алғашқы мұнай 2005 жылы өндірілуі керек еді. Бірақ,  шегеріле-шегеріле 2013 жылға да жетті. Осыдан бір-екі жыл бұрын Үкімет «Қашаған» мұнайын 2013 жылдың маусым айынан бастап алатындығымызды айтқан. Бірақ, маусым өтіп, шілденің  ортасы болды.  Мұнай әлі жоқ. Рас,  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон маусымның 30-ы күні  салтанатты түрде «Қашағандағы» өндірістік нысандарды іске қосқаны бар. Сөйтіп,  «қазақтың мұнай өндіру тарихында алтын әріптермен жазылатын күн» деп біраз  даурыққанбыз.

QAMSHY.KZ. "Таңжарықтың тағдыры" - Таңжарықтың тар қапаста туған өлеңдері елге арнау, ұлтқа үндеу, жақсыларға сәлем жол­дау түрінде жазылды. Көбіне-көп оның жыр­ла­ры­ның бірқатары кәдімгі хат үлгісінде болып келеді. Ол түрменің тар бөл­ме­сінде қазақ жырының бесігін тер­бетті. Азабы көп абақтының өзін ұлт намысын қайрайтын ұлағатты сөздің ұстаханасына айналдырды. Қатал жүйе оның өзін қинағанымен өлеңін өлтіре алмады. Ақынға қорлық пен зорлық көр­сет­кен азап мекені оны ширықтырып, жүрегінен жыр саулатты.

DMK.KZ. "Бізде демалу мәдениеті қалыптасқан ба?" - Ал біздің халықтың жылына бір рет берілетін еңбек демалысын тиімді өткізуге деген ойлары әр қилы. Кейбіреулер шетелге шыққанды ұнатады. Мүлдем демалмайтын адамдар да бар. Оның ішінде қала қазағы мен дала қазағының ой-мақсаты мүлде кереғар. Жалпы, бос уақытты қалай өткізуге болады? Қалай демаламын, не істеймін, қайда барамын деген сұрақ саналы әрбір азаматты ойландыруы тиіс.

...Жан дүниесі бай адам сұлулықты, көркем өнерді жоғары бағалайды. Себебі, өнер адам баласын тәрбиелейді. Егер өзіңнің таңдаған мамандығыңды жақсы көрсең, әрбір сәттен рухани ләззат алуға болады. Себебі руханият – жан-дүниенің ажырамас бөлігі. Ал тек бүгінін ғана ойлайтын, өмірдің мән-мағынасын жеңіл-желпі түсінетін адамдар бос уақытын мақсатсыз өткізуге бойларын үйретіп алған. Демалыс күндері бос уақытында арақ ішіп, құмар ойындар ойнауға бейім тұрады.

ASTANA-AKSHAMY.KZ. "Дерт бермесін, дәрігер, қолыңызға!" - Ардагерлер госпиталінен арнайы репортаж

Сонау сұрапыл соғыс жылдары майданда миллиондаған адам көз жұмды.  Еліне аман-есен оралған қарттарымыздың қатары да сиреп барады. Оларға қамқорлық көрсету, денсаулығын нығайту – бүгінгі ұрпақтың басты міндеті. Астана қаласында Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь бар. Емдеу мекемесІнің тыныс-тіршілігімен танысып, директоры Әділхан Абдулинмен әңгімелесіп қайтқан едік.

ALMATY-AKSHAMY.KZ. "Шанхай ынтымақтастық ұйымы: Мақсаттар мен мүдделер" - Соңғы кезде планетада мемлекеттердiң саяси-экономикалық мүдделерi мен ұстанымдарына байланысты бiрiгу тенденциясы айқын көрiнiс бере бастады. Еуроодақ пен оның ақшасы шықты, НАТО-ның азуын айға бiлеген ниетi онсыз да белгiлi. Жаһандастыру үрдiсiне жатқызылып отырған осы құбылыс барысында «бас бiрiктiре» бастаған Батысқа балама есебiнде еуразиялық саяси ұйымның құрылуы да заңды. Сөз ретiне қарай «жаһандастыру үрдiсiн» батыстық емес, о баста азиялық үрдiс есебiнде бағамдаушылар да бар. Оған дәлел, адамзат тарихындағы алғашқы жаһандық бiрiгу тенденциясы – Шыңғысхан идеясын айтып жүрген сарапшылар да баршылық.

BNEWS.KZ. "Газдалған сусыннан жылына 180 мың адам өмірлерімен қош айтысады" - Америкалық кардиология қауымдастығының кезекті отырысында ғалымдар газды сусындардың адам өміріне төндіретін қаупі туралы талқыға салды. Мамандар жүргізген зерттеу нәтижелері жылына 180 мың  адам газдалған тәтті шырындарды ішудің салдарынан өмірлерімен қош айтысады екен.

"Таңғы асты ішпеу жүрек ауруларына ұшыратуы мүмкін" - Таңғы астан жиі бас тартатын адамдардың жүрек ауруына ұшырау қаупі жоғары екен. Бұл туралы Америка кардиологиялық қауымдастығының ғалымдары Circulation журналында жарияланған еңбектерінде мәлім етті.

"Денесі екіге бөлінетін адам тұрғындардың зәресін ұшырды (ВИДЕО)" - Энди Гросс - адамды естен тандырар трюктерімен күн көріп жүрген сиқыршы. Стенд-ап-шоулар ұйымдастырып, тіпті, корпоративті кештерді өткізіп жүрген Эндидің қолынан келмейтін сиқыр жоқ деуге болады деп жазады adme.ru.

Тағы бір ермегі, қорқынышты трюктерді көшеге шығып жасап, адамдардың қорқынышты реакциясын бейнекамераға түсіргенді ұнататын көрінеді. Оның мына соңғы түсірілген бейнеролигі расымен де алдынан шыққан жандардың жүрегін ұшыра жаздады.

23 шілде 2013, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.