BNEWS.KZ. "Қазақстандағы электронды мемсатып алу жүйесі КО аясында жұмыс істеуге дайын – ЭКО" - ҚР электронды мемлекеттік сатып алу жүйесі Кедендік одақ аясында жұмыс істеуге толығымен дайын. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Электронды коммерция орталығы» ЖШС басқармасының төрағасы Сұлтанжан Ахметов мәлім етті.
QAMSHY.KZ. "Жидегүл Әбдіжәділқызы: Отандық телеарналарға әріптестік наз" - Дәл қазір кезек күттірмейтін екі мәселе бар: біріншісі: қайда қарасаң да санаулы жұлдызсымақтардың сан қилы жолмен бой көрсетуі (мысалы: «Еларнадағы» – «Фобия», «31 – арнадағы «Мама мия»,т.с.с.) екіншісі: жаңалықтар желісіндегі жетіспейтін дәлдік пен нақтылық, деректілік пен дәйектілік (күнделікті оқиғалардан түсірілетін сюжеттер жалпылама, бір сарынды болып келеді және стандартты сипатта баяндалады, бейнекөріністен де тілшінің баяндауынан да я көрермен назарын аударып алатын немесе ұзақ уақыт есте сақталып қалатын айрықша қолтаңба айында жылында бір жылт ететін, өте сирек құбылыс.
AIKYN.KZ. "Екпе десе де егеміз... жетті ме көкке төбеміз?" - Намыс дегеннен шығады: көрші Ресейдің бір режиссері жеңілжүрісті шешен қыздары туралы кино түсірген көрінеді. Жиырма жасар бір шешен жігіті әлгі режиссердің пәтеріне барып, құбылаға қаратып бауыздапты да милицияға «мен мына режиссерді өлтірдім, егер кімде-кім осындай кино түсіретін болса, келесі шешен келіп оны да өлтіреді» деп милицияға хабарлапты. «Жар басындағы жантақты жанынан безген нар жейді» дегендей, Ресейдің бірде-бір режиссері бұл тақырыпқа қайта жоламайтын болыпты.
AZATTYQ.ORG. "Байқоңырдың төңірегіндегі тіршілік" - Азаттық тілшісі Байқоңыр ғарыш айлағының маңындағы қазақ ауылдарына барып, тұрмыс-тіршіліктерін біліп қайтты. Жаңа тойханалы жұмыссыз ауыл тұрғындары іргедегі қалаға рұқсатсыз кіріп күн көреді.
"Кешенді тестен өтіп тегін оқуға ұмтылған жастар" - Шілденің 19-ы күні Қазақстанда кешенді тестілеу басталды. Талапкерлер бұл сынақтан өтсе, жоғары білім орнында тегін оқуға қол жеткізіп, өмірлерін жақсартуға мүмкіндік табатындарын айтады.
AZATTYQ.ORG. "Топырақтағы тарихты електен кім өткізеді?.." - Жер көлемі жөнінен Қазақстан әлемде тоғызыншы орын алады. Арғы-бергі шетіне ат тұяғы сүрініп, құс қанаты талып әзер жететін ұзын даламызда кезінде өркениеттің өріс алғанын бәріміз де білеміз. Тарих беттерін парақтай қалсаңыз, қазақ даласының қай жерінде де ата-бабалар өзге жұртпен терезесі тең деңгейде өмір сүргенін айғақтайтын дәлелдер жеткілікті.
ZHEBE.COM. "Қазақ баласын қай спорт түріне бергені дұрыс?!" - Қазақ спортшылары Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген барлық спорт түрлерін қамту үшін не істеу керек? Біз су спортынан әлі әлсізбіз, командалық спорттан тек қатысушылар қатарындамыз. Үлкен теннисте «үлкен» мәселе бар. Әншейінде «сақтар секілді атқа отырған ешкім жоқ» деп Геродоттың сөзін негізге алып сөйлегенде алдымызға жан салмаймыз, бірақ ат спортынан аты озған ешкім жоқ. Күресеміз, жұдырықтасамыз, зілтемір көтереміз, болды ма?! Арасында кедергімен жүгіруден, үш қарғып секіруден ара-тұра алтын алып қоятынымыз бар. Ал, біздегі велоспорт тек Винокуровтың ғана жетістігімен есептеледі.
KAZAKHSTANZAMAN.KZ. "Обама кімнен қорқады?" - Соңғы екі жыл бойы елдегі азаматтық соғыспен «алысып» келе жатқан Башар Асадтың шыны керек ең үлкен қорқуы сыртқы тараптың араласуы болып табылады. Осындай жағдайда әл-Асад режимінің аман қалуына мүмкіндік жоқ екені бұрыннан белгілі, өзі де осыны мойындайды.
"Тыңайтқыштан табылған тың жаңалық" - Бүгінде сондай өзіндік ізденісімен ерекшеленген жанның бірі — адамның ас қорыту органдарында орын алатын қатерлі ісіктің алдын алуға арналған «А1, А2, А3» қоюлатылған, сергіткіш дәрілік сусындарын ойлап тапқан ғалым, қырғыз өнертапқышы Анарбек Қамчыбеков.
TURKYSTAN.KZ. "Табиғат қорғау бекеттеріне бетбұрыс" - Алматы облысының Райымбек ауданындағы Көлсай көлдері тау тостағанына құйылған маржандай. Көлсай көлі – жоғарғы шыңды тауда, өткір қарағайлы жарда орналасқан үш көл. Бұл көлді “Солтүстік Тянь-Шань маржаны” деп атайды. Көлдер Күнгей Алатауының Күрметі және Саты асуларынан бастау алатын кішігірім өзендер суынан пайда болған.