Атырау, 4 қазан 16:22
 ашықВ Атырау +16
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

"Сириядағы соғыс: Төрт қаруын сайлап отырғандар ішімізде әлі де бар". "Ұлы қабырға»... ушықтырып жатыр". "Болат Әбілев түскі асқа 20 мың доллар төледі ме?". "Болашақтың» бұрынғы стипендианты үлгерімі нашар болғандықтан Т19 млн төлеуге тиіс".

3 144 просмотра

TURKYSTAN.KZ. «Орталық Азиядағы ең бай ел» - Бірақ халықаралық сарапшылар адам капиталының сапасын арттырып, жемқорлықпен аяусыз күрескен ел ғана өсіп-өнеді дейді. Бұл кеңес Қазақстанға да сабақ болса, игі.

«Жат жұртта жәудіреп жүр ме екен?..»  - Ал өзіміздің бауырлар шетел асып, оқуға барғанда қандай жағдайға тап болады? Олардың азамат ретінде құқы қандай?

AZATTYQ.ORG. «Өзбекстандық жеміс-жидек неге қымбат?» - Қазақстандық кәсіпкерлердің айтуынша, Өзбекстаннан жеміс-жидек, тауар алып өтудің машақаты көп. Ал мамандар екі ел арасындағы кеденде қағазбастылық пен заң қайшылығын жою керек деген пікірде.

«Универсиада-2013»: жеңімпаз бен сынған медаль» - Қазан қаласында өткен студенттердің жазғы универсиадасында Қазақстан спортшылары 30 медаль ұтты. Жарысты ұйымдастырушы Ресей жеңімпаз атанса да, медаль сапасы үшін сынға ілікті.

«Мушаррафтың өзі дарға тартылуы мүмкін» - Билікте болған кезінде өлім жазасын барынша жақтаған Пәкістанның бұрынғы әскери басшысы Первез Мушаррафтың өзі өлім жазасына кесілуі мүмкін. Ол сатқындық жасады деп айыпталады.

ZHASALASH.KZ. «Астаналық ғалымдар да «атқа мiндi» - Кедендiк Одаққа, Еуразиялық одаққа қарсылық қаулап, қалың қауым дүрлiгiп жатқанда Астанадағы зиялы дейтiндер үн-түнсiз жатып едi. Оппозициядағы белсендiлер, ұлт патриоттары ашық қарсылық танытып, мәлiмдемелер жасап, митин¬гiлер өткiзiп, билiк тарапынан қуғындауға ұшырады. Тәуелсiз басылымдар Кедендiк одақтың кесiрлi кесепаты туралы, республиканың экономикалық, саяси дербестiгiнен, тәуелсiз¬дiгiнен айырылып қалу қаупi туғанын ашық әрi ашына жазып жатты.

ABAI.KZ. «Сириядағы соғыс: Төрт қаруын сайлап отырғандар ішімізде әлі де бар»

«Ұлы қабырға»... ушықтырып жатыр» - Ақтөбе мұнай компаниясына қарасты «Ұлы қабырға» («Ұлы қорған» деген сөзді қиғыңыз келмейді!) серіктестігінде басталған еңбек дауы әлі шешілген жоқ. Бұл екі арада Қашаған мұнайшылары арасындағы наразылық бұрқ ете қалды. Қашағандағы еңбек дауына қатысты ресми жауаптар мен жергілікті жұмысшылар айтатын ақпараттар да бір-біріне қарама-қайшы.

«Мураками феномені» - Қара қаламның киесі ағылшын мен немістен, орыс пен жөйттен мәңгі көшпек емес деп кім кесім айтады. Өркениетке жанталасып ұмтылған озық дамудың әсері ме әлем шығысты жер жаратылғалы бері оқып келе жатса да, соның ішінде жапон жазушыларының кітаптарын қайтара жаныға парақтай бастаған. Рюноскэ Акутагава, Ясунари Кавабата, Юкио Мисима, Кэндзабуро Оэ, Кэндзи Накагами шығармаларынан соң, ғаламдық «Мураками феноменін» қалыптастырған Харуки...

BAQ.KZ. «Атыраулық мұғалімнің фильмі Түркияда өткен фестивальде жүлделі болды» – Атыраудың қазақ-түрік лицейінің химия пәнінің мұғалімі Хакан Канмаздың «Çevirmek» атты қысқаметражды фильмі Түркияның Халықаралық тіл мен мәдениет фестивалінде үшінші орын алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

SERKE.ORG. ««Болашақтың» бұрынғы стипендианты үлгерімі нашар болғандықтан Т19 млн төлеуге тиіс» -Рудный қалалық сотының шешімі бойынша үлгерімі нашар болғандықтан халықаралық «Болашақ» стипендиясынан айырылған стипендиант Халықаралық бағдарламалар орталығына Т14 805 488 төлеуі тиіс, деп хабарлады ҚР жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

«Болат Әбілев түскі асқа 20 мың доллар төледі ме?» - Шілденің 12-і күні Алматыда өткен «демократиялық күштердің форумы» оппозицияның ішіне тағы іріткі салып кетті. Қазір сол жиынға ұйытқы болған екі топ - әбілязовшілер мен әбілевшілер бірі бірін айыптап, өзара қырқысып жатыр. «Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын» демекші, ұрыс-керіс соншама қаржы салынған шараның жемісті болмауынан туындады.

AIKYN.KZ. «Бордай тозған борбай» - Алпамыс батырдың немесе Қобыландының памперс киіп, арсалаңап жүргенін көз алдыңызға елестете аласыз ба? Қаракерей Қабанбайдың, Қанжығалы Бөгенбайдың, Шапырашты Наурызбайдың памперс кигенін ше? Абылай ханның ту ұстаушысы Тарақты Байғозы батырдың заманында осы бір борбайқаптың болмағаны қандай жақсы болған!

«Салық саясаты қайта қаралады» - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң салықтық саясатты жетiлдiру бойынша жұмыс тобының отырысы барысында «ҚР кейбір заң актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жасақталды.

QAZAQUNI.KZ. «Мүфти тегін қазақшалады! Имамдарымыз кәпірлерше «ов» бола бере ме!?.» - Биыл Мүфтиіміз Ержан Малғажыұлы Қазақстанның бүкіл мұсылмандарының басшысы болып сайланғанда   “Қазақ үні” газеті де қолдау білдіріп, қазіргі дін ахуалы жайлы біраз мәселелерді қозғаған мақалалар жариялаған еді. Ал басылым басшысы, ақын Қазыбек Иса мүфти Ержан Маемеровке газет бетінде тікелей ұсыныс жасап, тегінен орыстың “ов” құлдық жалғауын алып тастауды сұраған болатын.

«Әрбір қазақстандық 1540 доллар қарыз» - «Ақ жол» партиясы сыртқы қарыз алуды заң жүзінде шектеуді талап етеді

19 шілде 2013, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.