Атырау, 24 желтоқсан 17:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Байден Украинаға қашықтықтағы зымырандарды қолдануға рұқсат берді

360 просмотра

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға ұзақ қашықтыққа ұшатын ATACMS зымырандарын Ресей аумағына соққы жасау үшін қолдануға рұқсат берді. Бұл шешім АҚШ-тың Украинаға қатысты саясатының өзгерісін көрсетеді, себебі бұрын Вашингтон мұндай әрекетке тыйым салған еді. Өйткені бұл аймақтағы жағдайды ушықтырады деп алаңдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Golosameriki.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

ATACMS зымырандары 300 шақырымға дейінгі нысандарды дәл көздеуге мүмкіндік береді. Украина бұл қаруды Ресей мен Солтүстік Корея әскерлеріне, сондай-ақ олардың логистикалық желілеріне, әскери техникасына және оқ-дәрі қоймаларына соққы беру үшін қолдануы мүмкін. Бұл қадам Ресей мен Солтүстік Кореяның ықтимал шабуылын бәсеңдету мақсатында жасалған.

Кейбір сарапшылар бұл шешім Ресей президенті Владимир Путиннің АҚШ-қа қарсы жауап беруіне себеп болуы мүмкін деп ескертеді. Алайда басқа мамандар бұл алаңдаушылықты негізсіз деп санайды.

Украина президенті Владимир Зеленский ұзақ қашықтықтағы соққы мүмкіндігін беру оның серіктестерімен келісілген Жеңіс жоспарының маңызды бөлігі екенін айтты.

“Бүгін көптеген БАҚ бізге тиісті әрекеттерге рұқсат берілгенін айтып жатыр. Бірақ соққылар сөзбен жасалмайды. Мұндай нәрселер жария етілмейді. Зымырандар өздері-ақ бәрін айтып береді. Міндетті түрде”, – деп пікір білдірді Зеленский.

Reuters агенттігі Украина жақын күндері АҚШ-тың ұзақ қашықтықтағы зымырандарын пайдаланып, Ресей аумағына соққы жасауды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Ресей тарапы бұл ақпаратқа байланысты әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

18 қараша, 13:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.