Атырау, 24 желтоқсан 19:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Махамбет ауданындағы көпірде жарықтар пайда болып, жүк көліктері үшін жабылды

Сурет
1 114 просмотра

Қажетті жұмыс көлемін анықтау үшін көпірге техникалық тексеру жүргізіледі.

- Бұл ақауды кеше ғана біліп, қауіпсіздік шаралары алына бастады. Жарықтар Махамбет ауылы мен Жалғансай ауылы тұсындағы көпірдің дәл орта тұсындағы белдеуде орын алып отыр. Осыған орай бұл көпірден өтуге ауыр жүк көліктерінің өтуіне тыйым салынуда. Ал жеңіл көліктерде анабір салмақ болмауына байланысты жылдамдықты азайту арқылы, яғни 20 км/сағатпен өтуіне рұқсат берілді. Көпір жөнделгенше, түсіністік танытып, жолда жүру ережелерін сақтауды сұраймыз. Көпірге арнайы жол белгілері орнатылатын болады, - дейді Махамбет ауданы әкімі Қайрат НҰРЛЫБАЕВ.

Қ.Нұрлыбаевтың айтуынша, сметалық жобасы жасалып, күрделі жөндеуге тұрады. Ал оның техникалық тексеруі, сметалық жобасы, қаржы бөлінуі уақыт алады. Бұл көпірді жөндеу кезінде көліктер қозғалысында кідіріс орын алмайды, себебі балама жолдар бар, ол Атырау-Орал және Атырау-Индер жолы.

"АЖ" анықтамасы: 

Атырау облысындағы ең ұзын көпірдің құрылысы 2014 жылы басталып, 2018 жылы пайдалануға берілген болатын. Көпірдің ұзындығы 860 метр, ені 13 метр. Көпір 180 тонна жүкті көтере алады, кірме жолдың ұзындығы 8,5 шақырым. Жалпы бұл көпір "Атырау-Ақтөбе-Астрахан", "Атырау-Орал" бағыттарындағы қозғалысты жеңілдетеді деп салынған. Көпір аудан әкімдігінің балансында.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Әлеуметтік желідегі суреттер

17 қараша, 01:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.