Атырау, 24 желтоқсан 18:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

​Өтпей қалған той және дүкендегі төбелес: блогер атыраулық кәсіпкерлерге 850 мың теңге төлейді

1 126 просмотра

Атырау қалалық сотында екі кәсіпкердің блогерге қатысты азаматтық ісі қаралды. Бизнесмендер блогердің әрекетінен ар-намысы, абыройы мен іскерлік беделіне нұқсан келді деп санап, одан моральдық зиян өтемақысын өндіруді талап етті.

Дүкендегі төбелес

Оқиға былай болған: блогер дүкенге келіп, әлдебір себеппен тауарлар ұнамай, бұл туралы сауда нүктесінің иесіне айтқан. Артынан жанжал шығып, әйелдер тіпті төбелескен. Блогер, әрине, мұның бәрін видеоға түсірген. Дүкен иесінің қызы да төбелесті видеоға түсіріп, кейін әлеуметтік желіге жариялаған. Іс сотқа дейін жетіп, екі әйел де бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бірақ хикая мұнымен бітпеді.

Келесі жағдай екінші талапкерге - дүкендегі әйелмен және оның қызымен туыстық байланысы бар мейрамхана иесінің қатысты.

Өтпей қалған той

Кейін блогер той өтіп жатқан мейрамханаға келіп, оны тікелей эфирде көрсете бастаған. Ол мейрамханада кәмелетке толмағандар жұмыс жасайды деп айтқан.

Осының салдарынан той болмай, әртістер кетіп, көңілі қалған қонақтар тарап, наразы болған қалыңдық пен күйеу жігіт ата-анасымен бірге болмаған банкет үшін төлем жасаудан бас тартқан.

Ресторатор блогерді сотқа берді, ал ол өз кезегінде талапкердің қызы дүкенде оның қатысуымен болған жанжалдың видеосын келісімсіз жүктегенін көрсетіп, моральдық зиянды өндіру және жалған мәліметтерді теріске шығару туралы қарсы талап арыз берген.

Немен аяқталды

Сот блогерден талап қоюшының пайдасына 850 мың теңге моральдық зиян өтемақысын өндіріп, оны мейрамханада жасөспірімдер жұмыс жасайды деген жалған ақпаратты әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы теріске шығаруды міндеттеді.

Ал блогердің қарсы талабы ішінара қанағаттандырылды: әлеуметтік желіде жарияланған суретті заңсыз пайдаланғаны үшін талап қоюшылардан 250 мың теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді. 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.       

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

16 қараша, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.