Атырау, 18 желтоқсан 23:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Ресей қымыздың отанына айналмақ". "Жаңа заң бай-манаптың әмиянын аша ала ма?". "Билiк халықтық сайлау өткiзуден қорқақтайды". "Қырғыздардың үстінен қылмыстық іс қозғалды". "Иран экономистері антисанкциялық қозғалысқа үндеді".

1 947 просмотра

BAQ.KZ. «Ресей қымыздың отанына айналмақ» - Ресейлік миллиардер Сергей Веремеенко Еуропа нарығына қымыз сатуды қолға алды. Оның 700-ден астам биелері оны Еуропаға танымал етіп үлгерді деп жазады «Экспресс К» газеті.

«Серік Сәпиев: "Әлеуметтік желілерде мүлдем отырмаймын"» - «Қазақстан азаматымен бір күн» айдарының қонағы - Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, бокстан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері Серік Жұманғалиұлы Сәпиев. Бүгінгі бейне-сұхбат барысында ол өзінің жеке өмірі мен бүгінгі кәсібі жайында әңгіме етеді.

ALASHAINASY.KZ. «Жаңа заң бай-манаптың әмиянын аша ала ма?» - Әйтеке бидің «Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң жауға найзаң тисін, бай болып елге пайдаң тимесе, батыр болып жауға найзаң тимесе, елден бөтен үйің күйсін» деп айтқан нақылы бар. Бүгіндері әлемнің көптеген елімен қатар, Қазақстан да осы аталы сөздің бастапқысын экономика дамуында ұстанатын басты қағида етуді жөн көріп отыр.

«Шірімейтін көкөніс ұрпағымызды ірітіп жүрмей ме?» - Табиғи тағамның дастарқанның сәні әрі дәрумендерге бай екені белгілі. Бірақ қазіргі күні әрбір отбасы пайдаланатын көкөністердің ағзаға пайдалы екеніне көпшіліктің күмәні бар.

ZHASALASH.KZ.Билiк халықтық сайлау өткiзуден қорқақтайды” - Аудан әкiмi ұсынған, мәслихат депутаттары сайлаған ауыл әкiмi қараша халыққа қандай көмек көрсете алады?

«Депортациядан кейiн Италия үкiметi дауға қалды» - Шалабаеваның елге қайтарылуына Еуроодақ та алаңдаулы. Брюссель Италия үкiметiнен депортация жайлы толық ақпарат сұратты.

Тоқал ешкi мүйiз сұраймын деп...” - Билiктiң ауысуы жайлы биыл ерекше көп айтылды. Бұған дейiн де сөз болған бұл тақырып. Бiрақ, биылғы абың-күбiң әңгiменiң ауаны өзгеше. Қазақстан президентi Н.Назарбаев туралы “Назарбаев.Live” деген деректi фильм түсiрiлiп, онда Назарбаевтың өзi билiктiң ауысуы жайлы сөз еткен соң жасқаншақтардың өзi “келесi кiм?” деген сұраққа бүгежектеп жауап iздей бастады.

AZATTYQ.ORG. «Қызылорда жұртын «гептилдің бұлты» дүрліктірді» - Азаттық тілшісі ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы құлаған Байқоңыр ғарыш айлағының төңірегіндегі елді мекендерді аралады.

«Иран экономистері антисанкциялық қозғалысқа үндеді» - Иран тарихында бірінші рет елдегі танымал экономистер АҚШ бастаған мемлекеттердің санкциясына қарсы азаматтық қозғалыс құруға шақырды.

ЕGEMEN.KZ. «Ресей қазақтары арасындағы батырлар туралы көп ештеңе айтылмай келеді» - Екінші дүниежүзілік соғыс, оның ішінде Ұлы Отан соғысы аяқталғалы, міне, табаны күректей 68 жыл өтті. Ал, енді осы сұрапыл соғыс шежіресі беттерін парақтағанда, әлі де болса айтылмаған сөз, ашылмаған құпиялар көп екеніне көз жеткізесің.

AIKYN.KZ. «Қырғыздардың үстінен қылмыстық іс қозғалды» -  Қырғызстанның Талас облысындағы трансшекаралық «Быстроток» каналын жауып қою фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.Бұл туралы ҚырТАГ агенттігі хабарлады. «7 шілдеде 50-60 адам ми¬тин¬гіге шығып, «Быстроток» ка¬налын жауып тастады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 353 б. (өз бетімен кетушілік) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Банктерді «тазалау» – қажеттілік» - Ұлттық банк бас болып, қалғандары қостап, қайтымы күдікті несиелерді орталықтандыру арқылы басқа қаржы институттарын «ауыр жүктен босату» туралы бастама алғашқыда елді қуантқанымен, бүгінгі нәтижесінде, «аққу, шортан һәм шаян» тірлігіндей бір іс болды.

«Кедендік одақ – геосаяси қауіпсіздік кепілі» - Жаһанданған заманда интеграцияға ұмтылыстың болуы заңдылық. Шағын мемлекеттерді былай қойғанда, алпауыт елдердің өзі экономика мен саясатта өзіне серік іздейді. Одаққа бірігу, бір жағынан, экономикалық мүддеге бай­ланысты болса, екінші жағынан қорғанудың бір әдісі іс­петті. Себебі біз континенталды, мұхитқа шығар тура жолы жоқ мемлекетпiз.

MUSLIM.KZ. «Корей түбегіндегі ислам діні» - Ғарыштық ғажайып ислам діні нәсіл мен ұлтқа қарамайтын дін екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

BNEWS.KZ. "Түркия Кедендік одаққа кіру керек" - Түркия Кедендік одаққа қосылу керек. Бүгін Астанада журналистердің сұрағына жауап берген ресейлік экономист Михаил Хазин осындай пікірін ортаға салды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

18 шілде 2013, 13:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.