Атырау, 24 желтоқсан 17:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

​Жаңа жылдан бастап сегіз медициналық анықтама электронды түрде беріледі

1 220 просмотра
Көрнекі сурет

Қаңтар айынан бастап емханадағы кезекті азайтып, медициналық анықтамалардың заңсыз берілмеуі үшін 8 анықтама электронды форматқа көшеді, -деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атап айтар болсақ,

- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- 075 / е «Медициналық анықтама»
- 026 / е «ДКК қорытындысы»
- 073 / е «ТҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама»
- 069 / е «Санаторийлік-курорттық карта»
- 052-2 / е «Баланың денсаулық паспорты»
- 076 / е «Қаруға рұқсат алу»
- 038 / е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама» электронды форматқа көшіріледі.

Аталған анықтамалар қажет болған жағдайда, азаматтардың келісімімен талап еткен мекемеге тікелей жолданады.

- Қазір «Амбулаториялық-емханалық көмек» арқылы ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, «eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы азаматтар өздерінің жеке медициналық деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін «edensaulyq» бөлімі іске асырылғанын атап өтеміз, - деді №5 қалалық емхананың басшысы Нұрбақыт Купжанов.

15 қараша, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.