Атырау, 24 желтоқсан 18:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Ресейдің Курск облысында босқындар Путинді соғысты аяқтауға шақырды

488 просмотра

Ресейдің Курск облысында соғыс аймағында тұрған Ольговка ауылының тұрғындары Ресей басшысы Владимир Путинге видеомәлімдеме жасап, оны "қарғыс атқан соғысты аяқтауға" шақырды. Бұл жөнінде "Говорит Не Москва" басылымы жазды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Видеомәлімдемеге 40-тан астам адам түскен. Видеода ауыл тұрғындары эвакуациядан кейін кезіккен мәселелері туралы баяндайды. Олардың сөзінше, қазір ауыл "қорқынышты фильмді" еске түсіреді, көбі ол жаққа оралуға қорқады. Билік ауылды қалпына келтіруге бес жыл керек екенін айтқан.

"Үш ай болды тозақта жүргенімізге, қайда жүгінуіміз керек, бізді кім құтқарады? Көптеген жазықсыз адамдардың өмірін қиған осынау қарғыс атқан соғысты тоқтатуыңызды сұраймыз. Біз балаларымыздың зымыран қаупі туралы дабылды естімей, бейбіт аспан астында өмір сүргенін қалаймыз. Осы жағдайды қарап, шекара тұрғындарының тілегіне құлақ түріңіз. Осының бәріне өз еркімізбен шыдап жүрген жоқпыз" дейді ауыл тұрғындары.

Украина әскері Ресейдің Курск облысына 6 тамызда кірген. Содан бері аймақта шайқас жүріп жатыр. Аймақта федералдық дәрежеде төтенше жағдай режимі күшінде. Ресми мәлімет бойынша, шекаралас аудандардан 112 мың адам қауіпсіз жерге көшірілген. Шамамен мың ресейлік із-түзсіз жоғалған - оларды туыстары іздеп жатыр.

15 қараша, 13:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.