Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында бұрын жергілікті бюджет есебінен отырғызылған ағаштарды кесіп тастапты деген ақпарат анықталды.
Сондай-ақ хабарламада көшеттерді күтіп-баптау салық төлеушілер есебінен жүргізіліп жатқаны, бұл жерде жанар-жағармай құю бекетін салу жоспарланғандықтан, қазіргі уақытта ағаштардың кесіліп жатқаны айтылған.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі А-28 тас жолында шынымен де жанармай құю бекетін салу жоспарланғанын растады. Құрылыс алаңына кіреберіс жолдарды салу үшін 320 ағашты басқа аумақтарға көшіру қажет болған.
Әкімдіктің хабарлауынша, ағаштарды Тайманов көшесі мен Әбілқайырхан даңғылының бойындағы аумақтарға мамандандырылған компания қайта отырғызған. Сондай-ақ болашақ жанар-жағармай құю бекетінің иесі тағы да 320 ағаш (шаған және арша) сатып алып, Сәтпаев-Құрманғазы жол айырығына және Исатай мен Махамбет алаңдарына отырғызған.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА