Атырау, 24 желтоқсан 17:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

​Атыраулық елуден астам әйел ЭКО арқылы жүкті болды

1 166 просмотра

Биыл Атырау облысында экстракорпоралды ұрықтандыру процедураларына 231 квота бөлінген. Бір жыл бұрын 218 квота орындалды. Бұл туралы облыстың бас репродуктологы Гүлнар ЕСҚАЙЫРОВА хабарлады.

Оның айтуынша, соңғы жылдармен салыстырғанда экстракорпоралды ұрықтандыруға арналған квоталар саны екі есеге артқан.

– «Аңсаған cәби» бағдарламасының басталғанына биыл төрт жыл толып отыр. Осы бағдарламаның арқасында  былтыр облысымызда 51 бала дүниеге келсе, оның алтауы егіз болды. Бүгінде 54 әйел сәби күтіп жүр, – дейді Г.Есқайырова.

«АЖ» анықтамасы

Квота алуға ниет білдірген ерлі-зайыптылар тіркелген жері бойынша емханаға келгеннен кейін диспансерлік бақылауға алынады. Ерлі-зайыптылар толық медициналық тексеруден өткеннен кейін облыстық перинаталдық орталықтағы гинеколог-репродуктологқа жолдама алады. 

Нұрбейбіт НҰҒМАНОВ

15 қараша, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.